«Мектепке жол» акциясы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_35_35-2021_6.JPGЖылдағы игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда.
Ауданымызда білім беру бөлімінің бастамасымен өтетін әлеуметтік шара аз қамтылған, көпбалалы отбасылар және жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерді жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған.


Аталмыш акция туралы алдыңғы санымызда айтқан болатынбыз. Аптаның басы тағы да игі іспен жалғасын тапты. Аудандық «Әйет» мешті ауданымыздың 4 мектеп оқушысына киім-кешектер мен қатар мектепке қажетті құралдарын сатып алып берді. Аудан мешітінің бас имамы Ислам Хамзин және мектеп оқушыларының ата-аналары «Мектепке жол» акциясына демеушілік еткен «Қарқын құс» ЖШС және "ТауКен өндіруші" ЖШС алғыстарын білдіруде.
Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөліміде ауданымыздағы Б.Майлин атындағы ЖББМ мектеп оқушысына керекті құралдарына, мектеп формасына демеушілік етті. Және де білім беру бөлімінің кәсіп одақ ұйымы Тобыл кентінің және Б.Майлин атындағы ЖББМ мектеп оқушыларына акция аясында демеушілік жасады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане