- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 09.09.2021 06:18
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 3019
3 қыркүйек күні аудандық Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде "Әйет жағасында" ұлттық этно-мәдени фестивалі өтті.
Іс-шара Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және ауданның 85 жылдық мерейтойына, сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты міндеті моральдық-адамгершілік қағидаттарды қалыптастыру, басқа халықтарға, олардың тіліне, дәстүрлері мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу болды.
Қатысушыларды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Құлжанова құттықтады. Ол фестивальдің халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Жеті ұлттық мәдени орталық: қазақ, орыс, өзбек, украин, әзірбайжан, белорус және татар – башқұрт өздерінің ән және би өнерін көрсетті. Сонымен қатар, әр Орталық халықтық қолөнер шеберлерінің шығармашылығын, өз өнімдерін қолмен және дәстүрлі технологиямен жасайтындарын айта кетті. Аталмыш шара барысында көрермен көзайымы болған орталықтарда бар. Нақтырақ айтатын болсақ, «Қазақ» орталығын таныстырған Приозерный ауылынан келген Марат Нурмухамбетов ұсынған ер-тоқым, қазақи өрнектегі көрпешелер көздің жауын алды десек болады.
Іс-шара соңында әр Орталық алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.
«Әйет жағасында» фестивалі Қазақстанның ұлттық және мәдени дәстүрлерін әрі қарай жаңғырту және дамыту, қоғамдағы жаңару үрдістерін бекіту және әртүрлі ұлттардың рухани бірігуі, айқындау мақсатында өткізіледі