- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 23.09.2021 07:07
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 2907
Бейімбет Майлин ауданында 20 қыркүйек күні франчайзинг шарты бойынша «INVIVO» зертханасының ашылуы өтті.
Зертхананың миссиясы бұрын сапалы зертханалық зерттеулердің көптеген түрлерін алу қиын болған жерлерде сапалы зертханалық қызметтерді қолжетімді бағамен ұсыну болып табылады. "Invivo" медициналық зертханасы бұл талдауды орындау барысында ғана емес, сонымен қатар постаналитикалық кезеңде де инновациялық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық зертхана.
Зертхана адамдардың ағзасынан алатын биоматериал арқылы 600-ден астам талдау жасап алатын, дәрігердің емделушіге дұрыс диагноз қойып, сапалы ем-дом жасауына көмектеседі.
Жалпыклиникалық, гистологиялық, цитологиялық, биохимиялық, гормондарды анықтау, иммунологиялық, аутоиммундық,дәрілік заттардың шоғырлануын анықтау, жұқпалы ауруларды зерттеу, құрсақішілік жұқпалар, жан-жануардан, паразиттерден жұғатын жұқпалар, генетикалық, микробиологиялық зерттеулер, антибиотиктерге деген сезімталдық, АҚТБ/ЖҚТБ, түрлі онкологолиялық аурулардың алдын алу, вирустық гепатиттер, ДНҚ, әкелік пен аналықты анықтайтын тест, басқа да түрлі зерттеулер ауданда жүргізіледі. Қызметі ақылы болғанымен, есесіне науқастың қалаға бару жол шығынын үнемдеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бұл аудан тұрғындары үшін өте пайдалы зертхананың бірі деп есептейміз. Дүниеге келген баладан бастап, 18 жасқа дейін, сонымен қататар зейнеткерлергеде үлкен мүмкіндіктер ұсынылған. Сонымен қатар, аталмыш зертхана да ПТР (ПЦР) тапсыруға мүмкіндік бар. Енді 3 күн емес, 48 сағат ішінде ағзаңызда коронавирус инфекциясы бар-жоғын біле аласыз.
«INVIVO» зертханасы еліміздегі жоғары сапалы технологиямен жабдықталған зертхана ретінде өте танымал.
- Біздің технологиялар бізге барлық зертханалық зерттеулердің тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл статистиканы жинауға және мемлекеттік органдарға ұсыну үшін зертханалық сынақтарды талдауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда пациенттің бірінші талабы бойынша қайталанатын зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Және де зертхананы ашуға өз көмектерін көрсеткен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандарына өз алғыстарымызды білдіргіміз келеді,- дейді аудандағы зертхана бөлімшесінің басшысы Анна Прутникова.