Жастардың «Алтын кітабы» жаңа есімдермен толықты

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_50_50-2021_5.JPGАудандық «жұлдызды жастардың» алтын кітабы жаңа есімдермен толықты.


Ішкі саясат басқармасының бастамасымен өмірге келген жоба өміршеңдігін көрсетті. Өнер мен ағарту саласының майталмандары, өзге де салаларда қызмет етіп жүрген белсенді жастарға лайықты марапат көрсету дәстүрге айналды. Жалынды жастардың жаңа жыл алдындағы бас қосуы биыл да жоғары деңгейде өтті.
Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аты айтып тұрғандай, аталмыш жинаққа өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан, аудан намысын халықаралық, республикалық байқаулар мен спорттық жарыстарда асқақтатқан дарынды жастардың есімі жазылады. Биыл оған оқуда үздік, көшбасшы, бизнесте, ғылымда, өнерде табысқа жеткен лауреат тіркелді.
Сонымен, білім және ғылым саласында жеткен жетістіктерімен Тұралы Орынбай, сонымен қатар Аружан Дуамбекова, ал, спортта жеткен жетістіктері үшін Сергей Шевцов, мәдениет саласындағы жетістіктері үшін Нина Корякина, журналистика саласындағы жетістіктері үшін Балзина Атимтаева, «Үздік ерікті» номинациясы бойынша Анастасия Грабовская, «Үздік жас» Дарья Стоногина жастардың «Алтын кітабына» енді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане