«Абай мен Махамбет оқулары»

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_15_15-2022_1.jpgӨткен аптада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Красносельский жалпы білім беретін мектебінің базасында 5 пен 11-ші сыныптар арасында аудандық Абай мен Махамбет оқулары өтті.


Аталған шараға ауданымыздың мектептерінен 32 үміткер қатысты. Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Биылғы жылы өткізілген «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сайыста оқушылар ақынның өлеңдерін, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Абайдың қара сөздері» атты номинацияларда ақынның қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыса, «Көңілім әнді ұғады» Абайдың әндерін орындап, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында оқушылар өз шығармаларын оқыды, сонымен қатар «Ұлылар әлемі» бағытында Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы туралы эссе жазды және «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыттары бойынша - Махамбеттің күйлерін, өлеңдерін орындаушылардың байқауы өтті. Байқау соңында оқушылар аудандық білім бөлімінің 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі мадақтамаларымен марапатталып, іріктеу кезеңінің нәтижесінде 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: Шаяхметова Камила, Ткач Тамерлан, Бауыржан Инабат, Балғабаева Дильназ, Абдиреуков Бекмухаммед.
Олай болса облыстық кезеңге өтіп, ауданымыздың намысын қорғайтын оқушыларымызға ақ жол!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане