Әкімдердің халық алдында есеп беруі жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_5_5-2019-10.jpgТаран ауданына қарасты ауылдық округ, село, кент әкімдерінің халық алдында жылды қорытындылап есеп беруі жалғасуда.


Өткен аптада аудан әкімі Қ.Испергеновтың қатысуымен Тобыл кенті, Евгенов селосы және Павлов, Новоильин ауылдық округтерінде есепті кездесу болып, жұрттың әлеуметтік және басқа да проблемалары тыңдалды. Елді мекенде қордаланып қалған мәселелер жоқ емес. Бұл проблемалық мәселелердің жауабын тұрғындар әкімдердің өз аузынан естіді. Жиынға, сондай-ақ, аудандық мекеме басшылары да қатысты.
Кент әкімінің сөзіне сүйенсек, өткен жылы Тобыл кентінде көптеген жұмыстар атқарылған. Көшені жарықтандыру бойынша 4 млн. теңгеден астам қаржы игерілсе, осы мақсатта биыл жылға 7,5 млн. теңге қаржы жоспарланып отыр. Өткен жылы кентте 6 км, 160 метр жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 134 млн. 706 мың теңге жұмсалған.
Тобылдықтарды бүгінгі күні алаңдатып отырған мәселе -жылудың берілу сапасы мен оған төленетін бағаның қымбаттығы.
Евгенов селосының тұрғындары мал дәрігерінің жұмысына көңілдері толмайды. Ветеринарлық дәрігердің салғырттығынан ауылда мал ауруы өршіп, ірі қара малдың өлімі көбейген. Ауылда бақташының жоқтығы да тұрғындарға жайсыздық туғызуда.
Павлов ауылдық округінің тұрғындары газ балон сапасын тексеретін және оны орнату жөнінде маманның қажеттігін айтып шағымданды.
Новоильин ауылы тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңікі. Әсіресе,ата-аналар ауылдағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгеніне дән риза. Оған 170 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Сондай-ақ, ауыз су мәселесі де шешімін тауып келеді. Осы мақсатта былтырғы жылы 324,4 млн. теңге жұмсалса, биыл оған 244,8 млн. теңге қарастырылып отыр.
Аудан әкімі көтерілген мәселелердің барлығы жауапсыз қалмайтынын және тиісті шаралар қолданатынын жеткізді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане