- Подробности
-
Категория: №6 (10379) от 7 февраля 2019 года
-
Создано 07.02.2019 06:13
-
Автор: Айбатыр Ниязбек
-
Просмотров: 1388
Аудан орталығында биылғы 2019 жылдың алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округтар мен кент, селолар, сондай-ақ көршілес қалалардың кәсіпкерлері қатысты.
Онда картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз және қара мал, жылқы, қой мен құс, шошқа еттері сатылды. Сонымен қатар, шара барысында сүт өнімдері, шұжық тағамдары мен нан бұйымдары, жұмыртқа, жемістер, бал және тағы да басқа өнімдер сатылымға ұсынылды. Жәрмеңкеде ауылшаруашылығы өнімдері базар бағасынан төмен бағамен өткізілді.
Әсіресе, ет көбірек сатылды. 1085 кг сиыр еті, 565 кг шошқа, 300 кг жылқы, 95 кг қой еттері сатылды.
Жаңадан мұздатылған балықты да тұтынушылар көптеп алды. 112500 теңгенің балығы сатылған.
Бұдан да басқа жәрмеңкеге қатысқан ауылшаруашылығы тауар өндірушілері тұрғындарды азық-түліктердің мол ассортиментімен қуантты.
Аудан тұрғындарының бірі:
- Осындай жәрмеңке көбірек болғаны жақсы. Барлық тауарлар арзан бағамен сатылып жатыр. Көңіл-күйіміз өте жоғары. Ет, пияз алдым, енді тағы да басқа тауарларды қарап көремін. Бағалары көңілге қонымды,- десе, енді бірі:
- Ет алдым, енді пияз, қырыққабат алу керек. Қала базарының бағасынан көп арзандығы бар. Сапалы тауарды қалта көтерерлік бағаға алуға болады. Осындай шаралар жиі болып тұрса игі еді. Баршамыз аудан басшылығына дән ризамыз!- деді.
Жалпы алғанда саудаға 17,1 тонна өнім қойылса, оның 11,0 тоннасы сатылған.