Жұмыссыздар саны азаюда

Өткен жылдың соңғы статистика мәліметтеріне сүйенсек, Таран ауданында қаржы көрсеткіштері бойынша жұмыссыздық 0,8 пайызды құрайды, бұл 124 жұмыссыз азамат.


Аудан аумағы бойынша жұмыспен қамту орталығына 860 адам тіркелген. Олардың 88,7 % немесе 763 адам қызметке орналасты. Жаңадан 606 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 477 тұрақты түрдегі қызмет түрлері.
Қазіргі кезде жұмыссыз жүру кім-кімге болмасын оңайға тимесі белгілі. Жұмыс жоқ болса, табыстың келуі де неғайбыл.. Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелердің біріне айналды. Осы орайда айта кеткеніміз жөн, Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар, көбінесе, халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдыраған кезде жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, әсіресе, жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Тағы бір айта кетер жайт, жоғары оқу орнын бітірген жастардың бірден жұмысқа орналасып кетуі де қиын болып тұр. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибенің жоқтығы оларға үлкен кедергі келтіруде.
- Статистика өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды да жұмыссыздар қатарына жатқызбайды, ал, олардың табысы кейде күнкөріс минимумына да жетпей жатады. Статистика комитеті бұл категорияны «өнімсіз жұмыспен қамтылғандар» қатарына жатқызады, - дейді статист мамандар.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане