«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_7_7-2019-1.JPGНұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай, бекітілген негізгі шаралар жоспарына сәйкес өткен аптада Тобыл кентінде «Тұрғындардың мәселелерін шешеміз» шарасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.


Көшпелі қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев, партияның Таран аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қуандық Испергенов, жиырмадан астам облыстық департамент, басқарма басшылары мен оның орынбасарлары, аудандық мекемелердің басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаттары: тұрғындардың өзекті мәселелерін зерттеу, ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына, мемлекеттік және партиялық бағдарламарға түсіндірме жүргізу, тұрғындармен өзара байланыстың тиімділігін арттыру.
Қабылдау барысында тұрғындарға тегін медициналық тексерулер мен қызметтер көрсетілді, кәсіпкерлік саласын дамыту мен басқа да мәселелер бойынша құқықтық кеңестер, партияның «Заңгерлік көмек» жобасы бойынша заңгерлік жәрдемдер беру жүргізілді.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, коммуналдық тарифтер, екінші деңгейлі банктерден несие алу, баспанаға қол жеткізу, кәсіпкерлікті дамыту сияқты көптеген мәселелерді көтеріп, нақты жауаптар алды.
«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев: «Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Ал, шешілмей жатқан мәселелер болса, оның барлығы да кезең-кезеңімен шешілетін болады. Аудан тұрғындарын мазалап жүрген барлық сауалдар бақылауға алынып, өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізіп, қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелердің оң шешілуінің барлық заңды жолдарын қарастыратындығына сендірді.
Сонымен қатар, көшпелі қабылдау қорытындысы бойынша хаттама жасалынып, азаматтардың мәселері толтырылған бланктер зерделеніп және соған қатысты тиісті ұсыныстар орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жолданатындығын жеткізді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане