«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_8_8-2019-11.JPGӨткен аптада аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен С.Ерғалиев атындағы орта мектебінде «Дарынды балаларға –талантты ұстаз» республикалық педагогикалық –олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.


Олимпиаданың басты ойы –кәсіби педагогикалық білім мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыу, оқу үрдісіне жаңашыл әдістер мен технологиялар енгізу, қазақстандық білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибені тарату, педагогикалық саладағы ең шығармашыл жастарды қолдау.
Аталмыш олимпиадаға ауданның 5 мектебінен 7 ұстаз қатысты. Атап айтсақ, Александр Чебан (Асенкритов ОМ, математика пәнінің мұғалімі), Владислав Багрий (Б.Майлин атындағы Таран ОМ, ағылшын пәнінің мұғалімі), Тұралы Орынбай (С.Ерғалиев атындағы ОМ, география пәнінің мұғалімі), Диана Тулегенова, Назерке Ашуова (Новильинов ОМ, бастауыш сынып мұғалімдері), Капар Каблашев (Майский ОМ, вожатый), Татьяна Тоцкая (Майский ОМ, ағылшын пәнінің мұғалімі).
Олар олимпиада шарттарына сай үш кезең бойынша өздерінің біліктіліктерін ортаға салды. Әр қатысушының негізгі мақсаты тың ойлар, жаңа тәсілдер ұсыну болатын. Олар сол межеден шығуға талпынды.
Аудандық білім бөлімі әдіскерлерінен құралған қазылар алқасының шешімімен 1 - орынды Д.Тулегенова, 2 - орынды Т.Орынбай, 3 - орынды В.Багрий иеленсе, ал, вожатыйлар арасынан К.Каблашев 1 орынды жеңіп алды.
1 - орынды иеленген екі жеңімпаз алдағы күндері болатын «Дарынды балаларға –талантты ұстаз» республикалық педагогикалық –олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане