Кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_9_9-2019-9.JPGӨткен аптаның соңында аудан орталығында аудандық ауылшаруашылық бөлімі кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығын сақтау.


Аудан тұрғындары жәрмеңкеге келіп, өз сауда орындарындағы бағаға қарағанда ет, балық, сүт өнімдерін төмен бағамен сатып алды. Ең көп келушілер зейнеткерлер болды. Жедел алынған мәліметтер бойынша, жәрмеңкеде 2,5 миллион теңгеге жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылған. Атап айқанда, 855 кг сиыр, 250 кг жылқы, 655 кг шошқа еті, 100 кг балық, 370 кг құс еті, 2250 дана жұмыртқа, 690 кг шұжық өнімдері, тоннаға жуық ұн сатылды. Сондай-ақ, сүт өнімдері де саудаға қойылды.
-Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатымен жыл басынан бері екінші рет жәрмеңке ұйымдастырылды, алдағы уақытта бұл шараны әлі де жалғастыра береміз,- деп атап өтті ауылшаруашылық бөлімінің мамандары. Жәрмеңкелер жыл соңына дейін өтіп тұратын болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане