Сарбазбен кездесу қалай өтті?

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_24_17-24-2018.jpgОқушы бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, отаншылдыққа, елжандылыққа баулу үшін әскери адамдармен, сарбаздармен кездесу өткізу маңызды екендігі сөзсіз. Жақында Тобыл орта мектебінің оқушылары Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азаматпен жүздесіп, тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауда жоғары нәтижелері үшін Әділ Бақытжанов пен ефрейтор Абай Тұрысбек қысқа мерзімді демалысқа жіберіліпті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жергілікті кітапхананың кітапханашысы Жанагүл Ізтілеу аталған оқу мекемесінде патриоттық рухтағы кездесуді өткізуді жөн көрді. Мектеп мұғалімдері мен қатысушыларының, Тобыл кентінің құрметті тұрғыны Л.Г. Сероустың, арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өткен іс-шарада Абай әскери өмірімен таныстырып, әскери өмірдің қиын да, қызықты тұстарын әңгімелеп, болашақта елге адал қызмет етуге шақырды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане