Милицияда да, полицияда да адал қызмет атқарды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_25_25-2018-14.JPGБіз бүгін әңгіме етіп отырған ішкі істер органдарының ардагері Төленғали Ержанов қатардағы сержанттан қылмыстық іздестіру басшысына дейін көтерілген адам. Бұл кісі ауыз толтырып айтуға болатын, мақтауға да тұратын кісілердің бірі десек, артық айтқанымыз емес.

 

Полиция, сол кезде милиция деп аталған қызметке Кеңес Үкіметі кезінде келген Төленғали ағай тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қым-қуат кезеңді де бастан кешірді. Осындай бір жаңадан қалыптасуға небір кедергілерден жол табу, егемендіктің арқасында болашаққа ұмтылу жылдарында қиыншылық ішкі істер саласын да айналып өткен жоқ. «Әлі есімде, кезінде милицияда үш-ақ автокөлік болатын.Ал, тергеу бөлімінің басшысы, іздестіру бөлімінің басшысы және басқа қызметкерлер де мотоциклмен жүретін. Құрам да қазіргідей үлкен болған жоқ, қателеспесем, аудан бойынша барлығы отыз жеті адам жұмыс істеді, олардың он екісі офицерлер еді. Еліміз тәуелсіздік алған ширек ғасырдың ішінде егемен Қазақстанның полициясы да бірнеше маңызды реформаны бастан кешірді. 90-шы жылдары құрам да толықты, бізге көлік бере бастады. Біз қазіргі төлқұжат рәсімдейтін ғимаратта жұмыс істейтінбіз, кейін ғана оның бергі жағынан әлгі ғимаратқа қосымша құрылыс салуды ұйымдастырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізе бастадық. Кешкі уақытта, демалыс күндері бізді сенбіліктерге, жөндеу жұмыстарына көмектесуге жіберетін»,- дейді Төленғали Имашұлы.

Қиындығы көп болғанмен, қызығы да болып тұратын жұмысы жайлы біраз әңгімелеген ардагеріміздің айтуынша, өзіне жүктелген жауапкершіліктер мен білікті де, кәсіпқой басшылардың сенімі оны шыңдады, ізденуге және үйренуге ұмтылдырды.70-жылдары әскердегі қызметін өтеп шыққан Төленғали Ержанов адамгершіліктері мол, нағыз өз ісінің білгірі болған мамандардың ортасына түсті. «Ол кезде адамдар да басқа болатын», - дейді бұл кісі. Қандай мамандықтың болмасын қыр-сырын үйрену үшін уақыт керек дейміз-ау. Бірақ, қалай дегенде де, тәртіп сақшысына тән қасиеттер адамның бойында туабітті болуы керек. Бойындағы қасиетінің, талпынысының арқасында Төленғали ағай қиын да, қатерлі міндеттерін орындауда алдыңғы қатардан көрініп, бәрнеше мәрте арнайы төсбелгілермен, мадақтамалармен марапатталды.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане