Жаңа төраға - жаңа бастама

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_27_27-2018-6.JPGДүйсенбі күні, яғни шілденің 2-ші жұлдызында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кеңсесінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы облыстық филиалдың «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Алибек Мұхамеджановтың ауданымыздың жастарымен кездесуі өтті.

 

Жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшыларының, жастар ресурстық орталығының, «Жастар 2012» үкіметтік емес ұйымының, кәсіпкерлер палатасы филиалының директорының, ардагерлер кеңесінің төрайымының қатысуымен өткен бас қосуда өңіріміздің арнайы шақырылған белсенді жастары жақында ғана «Жас Отан» ЖҚ төрағасы лауазымына тағайындалған Алибек Мұхамеджановпен танысты. Жастар қауымымен көзбе-көз жүздесіп, тілдесу үшін облысымыздың аудандары мен қалаларын аралап жүрген төраға мен оның орынбасары Сабыр Молдагалиев жиын басталмас бұрын орталық кітапханаға барып қайтты.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, облыстық депутаттар фракциясының мүшесі, модератор Айнаш Даданова отырысты ашып, сөз кезегін қонақтарға берді.Алибек Мұхамеджанов өзі жайлы қысқаша мағлұмат бере отырып, республикалық «Сәтті қадам», «Жастар Отанға» жобаларының төңірегінде әңгіме қозғады. Ауданымыздың «Жас Отан» ЖҚ бұрынғы төрағасы Жаслан Құрманғалиев, жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлбарам Тюлюбаева осы күнге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасады.Айтпақшы, бірнеше күн бұрын аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы болып алдыңғы қатарлы жастардың бірі Александр Корякин тағайындалды.Аталмыш қызметіне енді ғана кіріскен Александр да, жастар қауымының белсенділері де кездесу барысында белгіленген ортақ іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуына өз үлесін қосады деген үміттеміз.

 


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане