Онлайн-өтініш мектепке де жетті

Ғаламтор желісіндегі мәліметтерге сүйенсек, енді мектепке онлайн-өтініш беруге болады екен.


Біз бұл мәліметтің шыншылдығына көзімізді жеткізу үшін аудандық білім беру бөлімінің мамандарымен тілдестік. Олар өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Толығырақ ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414-ке қоңырау шалып алдық. Телефон тұтқасының әр жағындағы кеңес берушінің айтуынша, онлайн тәсілі арқылы баланы «E-learning» электрондық білім беру жүйесі енгізілген мектепке рәсімдеуге болады. Айта кету керек, мектептер тізімі электрондық үкімет порталында жарияланған. Онлайн-өтінішті беру үшін www.egov.kz электрондық порталында тіркеліп, баланың ЖСН енгізіп, өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен бекіту қажет. Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту керек.
www.egov.kz электрондық порталында «Ата-аналар мектепті келесі бейіндер бойынша таңдай алады: жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей.Мектеп-гимназия немесе мектеп-лицейіне өтініш берген жағдайында, 3 жұмыс күні аясында пайдаланушының жеке кабинетіне қабылдау емтиханынан өту керектігі, емтихан қай уақытта және қайда болатындығы жайлы анықтама келіп түседі. Кейін, емтихан қорытындысы бойынша, ата-аналарға egov.kz порталы арқылы мектепке есепке алу жайлы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап қайтарылады» деп жазылған. Ал, жалпы білім беретін мектепке өтініш берсеңіз, Сіздің жеке кабинетіңізге мектепке есепке алу жайлы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап қайтарылады. Тікелей мектепке жүгінген жағдайда, міндетті түрде өздеріңізбен құжаттардың түпнұсқаларын алыңыз.Толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталық мамандарынан 1414 нөмірі арқылы білуіңізге болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане