Ол Президенттің Алғыс хатымен марапатталған

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_31_Screenshot_85743.jpgТобыл сигнализация және байланыс дистанциясы тамыз айының бірінші аптасында жыл сайын дәстүрге айналып келе жатқан төл мерекесін атап өтеді. Бүгінде аталмыш дистанцияның қызметкерлері қауіпсіз теміржол қозғалысын қамтамасыз ету үшін Ниетқали Құттықбаевтың жетекшілігімен аянбай еңбек етіп жүр.


«Ниетқали Ахметұлы жұмыс барысында өзі басқарып жүрген дистанция жұмысшыларына өзін тәртіпті, тыңдырымды, адал және талапты кісі ретінде көрсете біледі. Ол өзінің білімін күн сайынғы жұмыста епті пайдаланады, жол шаруашылығының жұмыс сенімділігін нығайту жөнінде техникалық шараларды тұрақты енгізу жөнінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, басшымыз пойыз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысты ақаусыз және еңбек тәртібін бұзбай өндіріс жұмыстарына белсенді қатысады. Әріптестері Ниетқали Ахметұлына сеніммен және құрметпен қарайды деп айта аламын. Тіпті, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік аймақтарда бұрын онымен қызметтес болған теміржолшылар әлі күнге дейін телефон шалып, кеңесіп отырады. Өз басым, бұл басшымыздың кәсіпқойлығының, адамгершілігінің белгісі деп білемін», - дейді бас инженер Қанат Кущугулов. Өзге қызметкерлермен де тілдесіп едік, олар да асырып айтпағанның өзінде Ниетқали Құттықбаевтың мақтауға лайықты басшы деп есептейді. Иә, «жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» деген сөз осындайдан шыққан болар. Мақтауға жүгіну – жағымпаздық емес, оқырман қауым. Мәселен, қай жерде де істің нәтижелі болуы басшыға тікелей байланысты ғой. Өйткені, кез-келген адам басшы бола алмайды. Адамдармен тіл табысып, оларды белгілі бір істі тыңдыруға жұмылдыратын, атқарар істің көзін тауып, нәтиже көрсете алатын Ниетқали Ахметұлы осы күнге жету үшін біліктілігін арттырып, еңбек ету арқылы шыныққан, шыңдалған. Сол алғашқы жылдарын еске ала отырып, теміржол саласында жиырма алты жылдан астам еңбек өтілі бар теміржолшы: «Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқаннан соң, бір жылдан кейін теміржолға жұмысқа орналастым. Ол кезде жасым он жетіде еді. Кезінде атам да, әкем де, інім де осы салада қызмет істеген-ді. Солардың жолын қудым десем де болады», - дей келе, өмірбаянына қысқаша шолу жасады.
Әңгімеміздің арқауы болған теміржолшы Луговая сигнализация және байланыс дистанциясында СОБ электромонтері, Ақтөбедегі дистанцияда СОБ учаскесінің бастығы болып жұмыс істеді. Ол әскердегі борышын да өтеп келген, қызмет істеп жүріп, Д.Кунаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінің автоматизация және басқару мамандығы бойынша дипломын да алып үлгерген. Тобыл дистанциясы ашылған жылы директордың орынбасары лауазымына тағайындалды, ал екі жылдан кейін осы дистанцияның басшысы болды. Үздіксіз жұмысты, байланысты, жол қозғалысы мен адамдардың, соның ішінде қол астындағы сексенге жуық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен жауапкершілікпен қарайтын, өз ісіне тиянақты Ниетқали Құттықбаев адал еңбегі үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Президентінің қолынан Алғыс хат алған. Осындайда сырт көзге байқала бермейтін істің де жемісті болатыны қуантады. Өзі де, сүйікті жары да теміржолда жұмыс істесе де, Ниетқали Ахметұлы балаларының өзге саланы таңдағанын құптаған көрінеді. Ол үшін, ең бастысы, бала-шағасының аман жүргені артық.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане