Карточкамен есеп айырысу ыңғайлы, бірақ...

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_32_32-2018-7.JPGАудан орталығындағы «Меркурий» супермаркетінде төлемді төлем карточкасы арқылы жүзеге асыруға болады. Төлем карточкаларын пайдалану барлық шығыстарды төлеудің ыңғайлы тәсілі болып табылады. Сондықтан, «есеп айырысу кезінде пайдаланылатын құралдарды өзге дүкендерде де орнатуға не кедергі?» деген сауалдың туындауы да заңды.


«Меркурий» супермаркетінде қолма-қол ақшамен төлемді жүзеге асыратын сатып алушылардың арасында сауалнама жүргізгенімізде, олар төлем карточкаларын пайдалану тез есеп айырысуға, кезекте тұрып, майда тиындармен әуреге түспеуге мүмкіндік беретінін алға тартты. Жүргізілген сауалнама есеп айырысудың бұл түрінің өте тиімді екендігін дәлелдей түсті. Иә, расымен де, төлем карточкалары біздің күнделікті өмірімізге терең бойлап, берік орын алуда деп айтуға болады. Осы орайда, басты сауалымызға жауап алу мақсатымен Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бауыржан Алмағамбетовпен тілдестік. Оның айтуынша, біздің ауданымызда оңайлатылған мағлұмдама бойынша сауда жасайтын кәсіпкерлер жұмыс істейді. Сондықтан, олар төлем карточкасы арқылы төлемдерді жүзеге асыруға арналған қондырғыны орнатуға міндетті емес.
Төлем карточкаларымен ақы төлеу – жалпыға ортақ әлемдік тәжірибе. Мысалы, банкке шапқыламай-ақ, несие алуға, қалтамызда ақшаның бар-жоғына қарамастан, дүкеннен керек-жарағымызды сатып алуға болады. Осынау мәселелердің бәрін ойдағыдай шешуге бізге пластикалық карточка көмектеседі. Бірақ, өздеріңіз көріп отырғаныңыздай, карточканың мүмкіндігі әзірше толықтай пайдаланылмайды, тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлеріне ақы төлеу үшін карточканы пайдалануды ұлғайту, өкінішке орай, міндеті әлі де зәру күйінде қалып отыр. Шет елдердегідей кез-келген дүкендерде тек төлем карточкасымен есеп айырысатын кезге жету үшін бізге қанша уақыт керек болары белгісіз. Десек те, «көрінген таудың алыстығы жоқ»...


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане