Шекарашыларымыздың қырағылығын атап өту керек

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_34_34-2018_8.jpg18 тамыз күні еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Шекара қызметі Елбасымыздың Жарлығымен 1992 жылғы 18 тамызда құрылған болатын. Алайда, аталмыш ресми күн Қазақстанның мемлекеттік мерекелерінің күнтізбесіне 2012 жылдың 29 тамызында ғана енгізілді.


«Шекаралық әскерлердің қажеттілігі Қазақстан КСР құрамынан шыққанда туындады. Жаңа бөлімшелер Кеңес Одағында мықты болып есептелген Алматыдағы штабпен бірге Қызыл Ту Орденді Шығыс Шекара округінің негізінде құрылған. Соған қарамастан, республикаға өз әскерлерін басынан бастап құруға тура келді. Биыл Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіміздің Шекара қызметінің құрылғанына да 26 жыл толды», - дейді Нұрзат Атабаев. Бұл кісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Тобыл кентіндегі «Тобыл» шекаралық бақылау бөлімшесінің басшысы болып табылады. Қостанай шекара жасағының 2031 әскери бөлімінің бақылау бөлімшесі Нұрзат Алпамысұлының жетекшілігімен Мемлекеттік шекара арқылы жүк таситын және жолаушылар пойызының өтуін жүзеге асырады. Ұжымның айтуынша, он үш жылдық еңбек өтілі бар майор Шекара қызметінің түрлі Өңірлік басқармаларында адал еңбек еткен көрінеді.
«Шекарашы қырағы болуы керек» дегенді естіп жүрсек те, оның мән-мағынасына терең мән бере бермейміз. Шекара қызметінде азаматтық борышын атқарып жүргендерге қойылар талаптың жоғары, жүктелер міндеттің де, жауапкершіліктің де ауыр екендігін де ескере бермейміз. Мысалы, жақында түнгі сағат 3-те ефрейтор Тимур Мнайдаров пен қатардағы Абылай Байтурин өту алаңындағы жүк пойызында тығылып жатқан белгісіз адамдарды байқап қалған соң, көп ойланбастан күдіктілерді ұстап алады. Нәтижесінде жүк пойызында жасырынғандар қозғалған қылмыстық істің жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершіліктен бас тартып жүрген көрінеді. Құрықтауға қатыспаған бірде-бір әскери қызметші жоқ шығар. «Тобыл» шекаралық бақылау бөлімшесінің мәлімдеуінше, бұл тұрғыда ҚР Мемлекеттік шекараның түрлі бұзушыларын ұстауға өзіндік үлесін қосып, ең үздік нәтиже көрсетіп жүрген үшінші сыныпты сержант Бахытхан Мукушевті ерекше атап өтуге болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бақылау бөлімшесінің атынан кәсіби шеберлік пен қырағылық көрсетіп жүрген осындай батыл да, қайсар шекарашыларды мерекелерімен құттықтай отырып, жауапты қызметтерінде табыс, дендеріне саулық тілеуге рұқсат етіңіздер. Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане