Мобильді қосымша туралы білесіз бе?

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Рухани жаңғыру – Қостанай» атты жаңа мобильдік қосымша іске қосылды. Ұялы телефонды белсенді қолданатын тарандықтар да аталмыш қосымшаны тегін жүктей алады.


Мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілін латын графикасына көшіру идеясын ілгерілету, жаңа әліпбиді игеру мақсатында іске қосылған мобильді қосымша телефонға оңай жүктеледі. Қостанайлық қосымшаның мәзірінде «Жаңалықтар», «Іс-шаралар», «Конвертер», «Баптау», «Біз туралы» тараулары ұсынылған.
Алғашқы екі айдарда латынға көшуді ілгерілету үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын облыстық деңгейдегі шараларға шолу жасай аласыз. «Конвертер» тарауында Сіз кез-келген сөзді енгізсеңіз, лезде латын әліпбиіне лайықты етіп аударып береді.
Қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға үлкен мүмкіндік беретін, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге оң әсер ететін «Рухани жаңғыру – Қостанай» қосымшасы заман талабы болып отыр. Бұл ақпараттық жобаның функциялары өте ыңғайлы. Алдағы уақытта тілдерді дамыту басқармасы мобильді қосымшаның бөлімдерін ақпаратпен толықтыру жұмысын жалғастыратын болады. Ал, Сіздер қолданушы ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабардар бола аласыздар.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане