Республикалық конференцияда қандай мәселелер талқыланды?

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_37_37-2018_3.jpgСенбі күні Тобыл орта мектебінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек беру мақсатында ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.


Аталған конференцияның міндеті не? Қазақстан Республикасынң Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Ата-ана мен ұстаз және оқушылармен жұмыс істейтін мектеп психологы мен басқа да мамандар арасында нақты келісім болуы керек. Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральды- адами құндылықтардың бірыңғай жүйесін ұсына отырып, бір біріне қарама-қайшы келмеуі керек. Міне, аталмыш ата-аналар конференциясының міндеті де осы.
Мектептің кіреберісінде ата-аналар қауымын жылы жүздерімен қарсы алып, олардың әрқайсысына жаднама мен сауалнама таратқан мектеп әкімшілігінің іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды. Білім беру мекемесінің акт залында өткен конференцияның шымылдығын ашқан мектеп директоры, әрі модератор Елена Криченкова ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының Үндеу хатын оқып шығып, сөз кезегін мектеп психологы Зарета Бостанбаева берді. Ол балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың ғаламторға тәуелді болуын болдырмау, мектеп өміріне бүлдіргіш діни ағымдардың енуінің алдын алу, балаларды бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды нығайу мәселелерін қарастыра отырып, баланың мектепке бейімделуі үшін тиімді көмек шараларын тілге тиек етті. Сондай-ақ, психолог маман бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына нейро-психофизиологтардың ұсынымдарын да айтып өтті. Шара барысында жиналғандардың назарына тақырыптық презентациялар ғана емес, балаларды қорғау комитетінің тапсырысымен жасалған бейнероликтер де ұсынылды.
Жоспар бойынша ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас барынша тиімді болуы үшін пайдалы кеңестер берілді, сауалнамалар толтырылды. Сонымен қатар, ата-аналар психолог маманға, педагогтарға өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, толық жауаптарын ала алды.Республикалық конференцияны қорытындылаған Елена Криченкова өз сөзін: «Балаларын бірінші сыныпқа берер кезде ата – аналар қобалжып, балалары үшін уайымдайды. Біз бүгінгі жиналыста сіздерге психологиялық тұрғыдан баланың мектеп қабырғасына тез үйренуіне қажетті жағдай жасау үшін пайдалы кеңестер бердік деген ойдамыз. Құрметті ата-аналар, сіздерге және балаларыңызға сәттілік тілейміз!» деген тілегімен аяқтап, жиналған қауымға өз алғысын білдірді. Конференцияға қатысушылар мектеп әкімшілігімен ұйымдастырылған басқосу пайдалы және мазмұнды болды деген оймен тарқасты.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане