Жасы үлкендерге құрмет көрсетті

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_41_41-2018-5.jpgТобыл кентінің желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Дәуіт Өтегенов Қарттар күні мейрамымен осы елді-мекенде тұратын ІІМ ардагері Амангелді Ермеков ақсақал мен еңбек ардагері Жібек Әлжанованы, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерінің жұбайы Назипа Әмірғалиеваны құттықтап, сыйлықтар табыстады. «Мерекелік құттықтау естіп, ыстық ықыласқа бөленген қарттарымыздың көңілі көтеріліп қалды. Олардың қоғамдағы орындары ерекше екенін ескерген ауылдастарына, ізбасарларына қажет екендігін сезінгендей», - дейді Дәуіт Өтегенов.


«Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзин де ауыл қарттарының әрқайсысымен қауышып, осынау айтулы меркемен құттықтап қана қоймай, аудандық орталық ауруханадағы стационарлық ем қабылдап жүрген науқас үлкен кісілермен де жүздесіп, ақ дастарқан жайды. Қай діннің, қандай ұлттың өкілі болса да, жасы үлкенге, кішілігіне қарамай, құрмет қылу мұсылмандық міндет екенін жеткізе келе, бас қосқан түрлі дін өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане