Қандай жұмыстар атқарылды?

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_41_41-2018-10.jpgАуданымыздың ауылдық аймақтарында, соның ішінде Таран ауылдық округінде жүйелі түрде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Аталған округ әкімінің міндетін атқарушы Азамат Бердалиновтың айтуынша, соңғы уақытта біраз шаруа атқарылды. Айта кетсек, жергілікті шаруа қожалығы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің демеушілігімен Красносельск ауылында және аудан орталығында бағандар, аялдамалар, қоршаулар, сонымен қатар, Западная көшесіндегі «Рассвет» жазуы бар стела сырланған. Оған қоса, көрші ауылдағы Б.Майлин ескерткіші қалпына келтірілсе, Таран ауылының Асенкритов ауылдық округіне қарай шыға берісінде он екі көше шамдары орнатылған.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане