Республикалық ақпараттық-насихат тобы Тобылда болды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_43_43-2018-1.JPGӨткен бейсенбі күні Тобыл кентінде Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелерінің қатысуымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша теміржол жұмысшыларымен кездесу жиналысы болып өтті.


Жиналысқа Республикалық ақпараттық тобының мүшесі Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмагамбетов, Қостанай облыстық ақпараттық тобының мүшесі облыстық Әділет департаментінің басшысы Мейржан Туленов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Мирас Ахметов қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Әділет министрінің орынбасары Жанат Болатұлы «Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – Елбасы Жолдауының басты ұстанымы. Бұл тұрғыда әлеуметтік сала әлеуетін арттыру алғашқы орында. Оған тек еңбекақыны көтеріп қана жету мүмкін емес. Алда денсаулық сақтау, білім беру сынды бағыттарды жетілдіру жұмыстары тұр. Бұдан былай мемлекеттік қызметтер мен тұрғын үйлер барынша қолжетімді бола түспек,- дей келе, Елбасы Жолдауы аясында Әділет министрлігінің атқарып жатқан жұмыстарын әңгімелеп өтті.
Жиын барысында теміржол қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сұрақтардың көбі жол жөндеу, ауыз су, электронды үкімет порталының сапасы, нотариус қызметі, азық-түлік бағасы мәселесіне бағытталды.
Жанат Болатұлы жиналыста көтерілген мәселелердің барлығын жергілікті атқарушы билікпен бірлесе қолға алатындығын, кейбір мәселелерді республика көлемінде көтеріп, тиісті салаларға хат жолдайтынын жеткізді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане