Ауданымыздың намысын кім қорғайды?

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_6_7.jpgӨткен аптада «Білім-инновация» Республикалық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Биыл қазақ тілді және қазақ тілді емес 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен білім додасының нәтижесі қандай?

 

«Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар» бағыттарын қамтыған олимпиадаға ауданымыздың 99 оқушысы қатысты. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау сайысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Тілші-әдебиетшілер» қазақ тілі пәнінен құрастырылған тапсырмаларға жауап берсе, екінші бөлімде қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтарына дұрыс жауап іздеді. Нәтижесінде Новоильин орта мектебінің оқушысы Назерке Бауыржан мен Май оқу мекемесінің оқушысы Ирина Вагнер алдыңғы қатардан көрінді. Қойылған талап бойынша қазақ тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, Қазақстандағы және басқа елдердегі ұлтаралық, дінаралық этносаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер және т.б. тақырыптардың бірін таңдап, берілген уақыт ішінде эссе жазуы тиіс жазушылардың шығармашылық қабілетін бағалау да оңай болған жоқ. Десек те, №1 орта мектептің оқушысы Эльенора Әбдірахманова және Таран орта мектебінің оқушысы Диана Оттингер қалам ұстаған жас жазушыларды озып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бір күнге созылған олимпиадада ғылыми жобасын қорғап, 1-орыннның иегері атанған Набережный білім ордасының оқушысы Аймереке Көпжасарованың бабы шапты. Бір шығарманы немесе шығармадан үзіндіні (прозалық немесе поэзиялық) жатқа мәнерлеп оқығандардың бар жауапкершілікпен дайындалғандары бірден көзге түсті. Алайда, қазылар алқасы 1-орынды №1 орта мектептің оқушысы Оразкүл Абусахитке және орыс ұлтының өкілі Валентина Антроповаға бергенді жөн көрді. Набережный орта мектебінің оқушысы Асия Қуанышова, Притобольск негізгі мектебінің оқушысы Никита Кротов «Әнші-бұлбұлдар» номинациясының жеңімпазы атанды. Ағымдағы айдың 24-ші жұлдызында ауданымыздың намысын қорғайтын тоғыз оқушыға сәттілік тілейміз!

 


Қажылық парызын өтеген

17.01.2019 06:29

Қажылық парызын өтеген

Парызын өтеу үшін Мекке мен Мәдинаға аттанған жерлесіміз Түрлібек Тәңіқұлов елге оралды.

Семейной жизни золотые юбиляры!

17.01.2019 06:28

Семейной жизни золотые юбиляры!

Для Геннадия Николаевича и Людмилы Михайловны Ткач наступивший 2019 год принес новую веху в жизни. Накануне Старого Нового года они...

«Беимбет Майлин - гордость нашего края»

17.01.2019 06:27

Когда Костанайская область отмечала 120-летие со дня рождения Беимбета Майлина, сотрудники Тарановской районной библиотечной системы создали специализированный интернет-блог под названием...

«Балдаурен» станет ярче

17.01.2019 06:26

«Балдаурен» станет ярче

В текущем году начнется работа по благоустройству детского сада «Балдаурен» в поселке Тобол.

О модернизации партии «Нур Отан»

17.01.2019 06:25

О модернизации  партии «Нур Отан»

2019 год станет юбилейным для «Нур Отан». Президентская партия отметит свое 20-летие. О том, как она будет выстраивать свою политику...

Qazaq tiliniń keleshektegi kemel jazýy

17.01.2019 06:21

Qazaq tiliniń keleshektegi kemel jazýy

Jańa álipbıge sáıkes jańa emle jasaldy. Jańa emledegi basty erekshelik – shettildik sózderdi qazaqtyń tól tiline sáıkes ıkemdep jazý ulttyq...

Тәжірибемен бөліскен маңызды

17.01.2019 06:20

Тәжірибемен бөліскен маңызды

Т. Бегельдинов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектеп интернатының тәлімгері бірқатар тарандық оқушылармен кездесу өткізді Таран, Май орта мектептері базасында кәсіптік бағдар...

Жұмыс жоспары бекітілді

17.01.2019 06:18

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап латын графикасы бойынша оқытушы - тренерлерді дайындау жұмысы басталады.

"Принимаем посылки в открытом виде"

17.01.2019 06:17

С 1 января 2019 года прием регистрируемых почтовых отправлений от физических лиц будет осуществляться в открытом виде во всех отделениях...

Детям до 16...

17.01.2019 06:16

С начала 2019 года в Казахстане введены изменения в законодательство. Теперь дети до 16 лет должны будут иметь заграничные паспорта.

Изменения пенсионных обеспечений

17.01.2019 06:16

С 1 января 2019 года в законе Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2019-2021 годы» установлены новые показатели.

Стали призерами Республиканской олимпиады

17.01.2019 06:14

Стали призерами Республиканской олимпиады

Начало года стало для районного образования знаменательным. 4 и 5 января в городе Костанай прошел областной этап Республиканской олимпиады по...

Хоккеисты, фигуристы...

17.01.2019 06:13

Хоккеисты, фигуристы...

Этой зимой для любителей активного времяпрепровождения в районном центре залили сразу два катка. Один на привычном месте, для хоккеистов, второй...

 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане