Баламен бала, данамен дана болатын Қатима апа

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_16_16-2018-9.JPGТәрбие мен білімнің негізі балабақшадан бастау алады. Себебі, балабақша баланы азамат етіп қалыптастырудың алғашқы қоғамдық баспалдағы іспеттес. 1978 жылдан бері мектепке дейінгі жастағы баланы дамыту бағдарламасын ұстана отырып, баланы оқытып, ой-өрісін дамытуға негізделген аудан орталығындағы балабақшаның ардагер тәрбиешілері аз емес. Олардың әрқайсысы газет бетіне шығаруға тұрарлық кісілер екені сөзсіз. Ұзақ жылдар бойы бүлдіршіндермен жұмыс істеп, олардың ата-аналарымен жақсы қарым-қатынаста бола білген Қатима Ермағамбетова да құрметке лайық тәрбиеші екенін көпшілік біледі.

 

Жас сәбидің санасының, дүниетанымының қарқынды дамитын қайталанбас мезеті, ең құнды кезеңі балабақшада өтеді. Әсерленгіш, еліктегіш бала болған шағыңызда Сіз де тәрбиешілерді екінші анаңыздай көріп, оған жақын жүргіңіз келген де шығар. Бүгінде есейген, ел азаматы болған тарандықтар да аудандық балабақшаны еске ала отырып, Қатима Бекмағамбетқызының балалар арасында беделі зор болғандығын алға тартады. Бұл кісіні сол кездегі балалар «Қатима апай» деп атаған көрінеді. Жітіқара өңірінің мектебін тәмамдаған Қатима Ермағамбетова ауданымызға қоныс аударып, жергілікті оқу мекемесінің мұғалімі қызметін атқарады. Арнайы білім алған соң, ол жиырма жылдан астам дүкенде жұмыс істепті. Содан 1991-жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін балабақшаға жұмысқа орналасқан екен. «Үлкен апам да Қызылорданың педагогикалық училищесінде білім алып, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы салада еңбек етті. Мен де кішкентай кезімде мұғалім болуды армандайтынмын. Марқұм Кенжеғали ағай «Қазақша топ ашқалы отырмыз» деген-ді. Сөйтіп, осы Таран, Красносельск ауылдарының балабақшаларындағы орыс топтарына қазақ тілінен сабақ бере бастадым. Бірнеше жылдан кейін қазақ тобы ашылғанда тәрбиеші қызметіне ауысқаныммен, әрі қарай сабақ беріп жүрдім. Ол кездері әдістемелік құралдар да болған жоқ-ты. Мен Лисаков пен Рудный балабақшаларына барып, түрлі курстардан өтіп, орыс топтарының тәрбиешілерінің материалдарын қазақ тіліне аударып, үйренген кездерім де болды. Ұжымымыздағы білікті, білімқұмар, пысық қыздар да тәжірибелерімен бөлісуден аянбады. Есігіміз қатар бір жақсы тәрбиеші, әрі көршім болатын. Кешкі уақыт болса да, «тетя Женя, помогите» деп баратынмын. «Жақсы адамның жақсылығын айт» дегендей, шыны керек, сол кісі де мені көп нәрсеге үйретті», - дейді сол кезді еске алған Қатима апай.

Баламен бала, данамен дана болатын бұл кісінің таныстарының айтуынша, ол балалармен тез тіл табысып кететін. Қазақтың салты бойынша 22-наурызда да, айтта да ылғи жеті нан пісіріп, ата-аналарды, үлкен кісілерді шақырып, ақ дастарқан жаятын. Әрі педагог, әрі психолог бола білген Қатима Ермағамбетова қамқорлығындағы екі-алты жас аралығындағы балалардың зейінін, қарым-қатынас жасау дағдысын, эстетикалық және этикалық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындарға аса мән беретінін айтады. Сөйлеген сөзі мәнді, салмақты, байыппен сөйлейтін апайымызды жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты 71 жасқа да алып жетіпті. Өткен күннің елесі артта қалар, тіршіліктің кемесі жылжи берер. Қарттық жас емес, қазына жасқа жеткен Қатима Бекмағамбетқызына осылайша ұрпаққа үлгі болар абзал жан ретінде сыйлы болып жүруіне тілектеспіз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, жүре беріңіз.

 


ОТКРЫТ СБОР СРЕДСТВ!

18.04.2024 09:16

ОТКРЫТ СБОР СРЕДСТВ!

    Инстаграм страничка @help_anel_zhumabayevaРЕКВИЗИТЫ:Каспий по номеру телефона: 8 (705)5766386 к номеру привязаны карты Халык иКаспийKaspi Gold: 440043027528 3577Халык банк: 440563970107 8857

Как район боролся с большой водой

18.04.2024 07:55

Как район боролся  с большой водой

В этот номер мы подготовили интервью с Бауржаном Ахметовым, заместителем акима района. Сегодня у нас появилась возможность узнать, как развивались...

Турнир от компании Polymetal – отбор на суперфинал

18.04.2024 07:53

Турнир от компании Polymetal –  отбор на суперфинал

15 апреля восемь футбольных команд общеобразовательных школ района приняли участие в грандиозном спортивном противостоянии. Юные футболисты боролись за звание чемпиона...

Мы говорим Вам спасибо

18.04.2024 07:52

Мы говорим Вам спасибо

Весенний паводок принес жителям нашего района немало хлопот и забот. Жители села Николаевка оказались в трудной жизненной ситуации. Дома, придворья...

Все начинается с семьи

18.04.2024 07:51

Все начинается с семьи

В малом зале акимата под председательством заместителя акима района Беимбета Майлина Толепергена Оразтаева прошло заседание по делам женщин и семейно...

Мы за чистоту окружающей среды

18.04.2024 07:47

Мы за чистоту  окружающей среды

  По поручению Главы государства в регионах страны с 08 апреля повсеместно стартовала акция «Таза Қазақстан». В рамках акции в течение...

Не остались в стороне

18.04.2024 07:46

Не остались  в стороне

Молодежное крыло "Жастар Рухы" партии «AMANAT» мобилизовало силы многочисленных волонтеров и активистов для оказания помощи пострадавшим от паводков регионам. Жастарруховцы...

Білікті ұстаз - Любовь Охотина

18.04.2024 07:43

Білікті ұстаз -  Любовь Охотина

«Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымызда- ұстаз Охотина Любовь Михайловна туралы айтпақпыз. Ғұмырының саналы бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз1962 жылы 20...

Угощаю графикой

18.04.2024 07:42

Угощаю графикой

В стенах музея имени Беимбета Майлина была организована выставка работ казахстанского художника, члена Союза художников Казахстана, лауреата премии «Казына» Республики...

«Мәңгі сөнбес жарық жұлдыз»

18.04.2024 07:40

«Мәңгі сөнбес  жарық жұлдыз»

Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы,...

«Постараемся помочь каждому…»

11.04.2024 09:30

«Постараемся помочь каждому…»

Кайсар Муржакупов, аким района Беимбета Майлина, встретился с жителями с. Николаевка, чьи дома оказались в зоне подтопления.     Точкой сбора стала площадка...

Вместе мы справимся!

11.04.2024 09:26

Вместе мы справимся!

Из-за тяжёлой обстановки в областном центре, а точнее в городе Костанай и Костанайском районе, волонтёры и добровольцы нашего района отозвались...

Призеры Президентского многоборья

11.04.2024 09:25

Призеры Президентского многоборья

Президентское многоборье включает в себя соревнования в нескольких дисциплинах одного или разных видов спорта.Различают два вида многоборья: летнее и зимнее....

«IBARS» - интелектуалды ойынына қатысты

11.04.2024 09:24

«IBARS» -  интелектуалды  ойынына қатысты

«IBARS» - Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы білім беру платформасы интеллект, логика, есте сақтау және математикалық қабілеттерін дамытады.Қосымшаның...

Қайырымдылық – асыл қасиет

11.04.2024 09:23

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» мешіті бастамасымен және демеушілік көрсеткен «Qarqyn Qus» ЖШС басшысы Алтай Наурызбайұлы...

Салауатты өмір салты

11.04.2024 09:22

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты дегеніміз - ол дене шынықтыру жаттығулары, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, жаман әдеттермен күресу, қарым-қатынас мәдениеті.Бір сөзбен айтқанда,...

Кітапхана - адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі

11.04.2024 09:21

Кітапхана - адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі

Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында басты назарға алынатын мәселе – білім мен ғылымды дамыту. Білім беруді ұйымдастыру мен ғылым саласын жүйелендіру...

Такой простой, но выдающийся человек

11.04.2024 09:20

Такой простой,  но выдающийся человек

Ветеран труда, Кондрин Владимир Терентьевич, один из тех, кто помог развить районный центр, предоставить все необходимые для жизни условия и...

Поговорим о медицине

11.04.2024 09:18

Поговорим о медицине

Редакция районной газеты продолжает вести рубрику «Обратная связь с руководством», в которой мы беседуем с руководителями учреждений и организаций района....

Бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау

11.04.2024 09:01

Бизнес субъектілерінің  құқықтарын қорғау

Бейімбет Майлин ауданының прокуроры Дарын Жапабаевтың төрағалығымен бизнесті қорғау тобының отырысы өтті.2024 жылдың 1 тоқсанында прокуратураға 45 кәсіпкер хабарласып, оларға...

Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане