Өз кәсібіңізді ашуға асығыңыз

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_16_16-2018-4.JPGАуданымызда ауылдық кәсіпкерлерге Бағдарламаның екінші бағытына сәйкес бизнесті жүргізу негіздеріне дайындау курсын өту мүмкіндігі берілуде. Бизнес идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін жоба өз жұмысын бастады.

 

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Наталья Руднева: «16-сәуірден бастап аудан орталығында халықты кәсіпкерлік дағдыларға үйрету мақсатымен 25 күнге созылатын курс басталды. Бұл курс басталғанға дейін оқуға өтініш беру, үміткерлеріміздің жобаға сәйкес келуі үшін жұмыспен қамту орталығымен келісу, тестілеу өткізу және соның нәтижесі бойынша үйренушілерді тізімге қосу секілді бірқатар жұмыстар атқарылды.Бизнес-тренер Шолпан Маханованың жетекшілігімен топтық практикалық «Бастау» тренингіне 43 тыңдаушы кірісті», - дейді ол.

Сейсенбі күні өткен курсқа біз де қатыстық. Айта кету керек, аталмыш оқу өте тартымды, әрі қатысушылардың басым бөлігі белсенділік танытып отырды. Бизнес-тренер де олардың идеяларымен, ойларымен бөлісуіне ықпал етіп, әр тыңдаушыны қызықтыра білді.Әсіресе, спорт саласындағы бизнес жайлы тақырып қызу пікірталас туғызды. Мысалы, бірі спорттың түр-түрімен шұғылдануға мүмкіндік беретін заманауи спорттық нысан ашу қажет екендігін, енді бірі оның аудан орталығында да, Тобыл ауылында да дамымайтынын дәлелдеуге барынша тырысты. Әрине, курс осы сынды бір ғана тақырыппен шектелген жоқ. Он екі тақырыптық топтамаға бөлінген оқу барысында өзге де салалар, тақырыптар қамтылады. Уақытты тиімді пайдалану – табысқа жетудің кепілі екендігін ескере отырып, курста «алтын» уақытыңызды зая кетірмей, білім қорыңызды толықтыратыныңыз сөзсіз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыз және кәсіпкерлікпен айналысуды жаңадан бастап жүрген жандар да бағдарламаға қатыса алады. Оларға оқуға қатысқаны және оқуды аяқтағаны жайлы сертификат беріледі, әрі біржолғы шәкіртақы төленеді. Келесі оқу 23-ші мамырда өтеді. Сұрақтарыңыз болса, өтініш бергіңіз келсе, кәсіпкерлер палатасының филиалына (тел.:4-90-67), Жұмыспен қамту орталығына (тел.:3-62-73) және ауылдық әкімдікке хабарласуыңызға болады.

 


Антитабачный кабинет открылся в ЦРБ

19.07.2018 06:35

Антитабачный  кабинет открылся  в ЦРБ

Со 2 июля в нашей районной больнице начал свою работу Антитабачный кабинет (АТК). О его назначении рассказала психолог больницы Индира...

Светодиодное освещение теперь на наших улицах

19.07.2018 06:34

Светодиодное освещение  теперь на наших улицах

На улицах нашего райцентра на следующей неделе будут светить светодиодные фонари.

Купальный сезон в разгаре

19.07.2018 06:33

Купальный сезон в разгаре

12 июля сотрудники Отдела по ЧС и Местной полицейской службы провели рейд по местам купания на реке Аят.

Колядин пожелал тарановцам здоровья и успехов

19.07.2018 06:32

Колядин пожелал тарановцам  здоровья и успехов

13 июля наш район посетил паралимпийский чемпион по лыжным гонкам Александр Колядин. Визит состоялся в рамках районной спартакиады «Тын -...

Район отметил День металлургов

19.07.2018 06:31

Район отметил День металлургов

День металлурга давно стал в Тарановском районе своим праздником. Ведь каждый год его с нетерпением ждут не только занятые в...

Информирован, значит - вооружен

19.07.2018 06:24

Информирован, значит - вооружен

13 июля в малом зале районного акимата в рамках акции «Пройди осмотр и будь здоров» с жителями райцентра встретились представители...

«Поверь в себя!»

19.07.2018 06:24

«Поверь в себя!»

17 июля в районном доме культуры прошел областной фестиваль творчества людей с ограниченными возможностями «Поверь в себя», посвященный 20-летнему юбилею...

«Бастау-бизнес» в действии

19.07.2018 06:23

«Бастау-бизнес» в действии

Кредиты в более чем на 14 млн. тенге в этом году в общей сложности получили участники курсов предпринимательства «Бастау-бизнес» в...

ХХХ спартакиада алауын жақты

19.07.2018 06:21

ХХХ спартакиада алауын жақты

Шілденің 13-і күні Май ауылдық округінің спорт алаңында бас қаламыз Астананың 20 жылдығына арналған аудандық жазғы ХХХ «Тың – 2018»...

Халықты жігерлендірген мәжілісменнің ресми сапары

19.07.2018 06:15

Халықты жігерлендірген мәжілісменнің ресми сапары

Өткен аптада біздің ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Артур Платонов келіп, «Нұр Отан» партиясының аудандық...

Таисия Дудко: «Медсестра – это мое призвание»

19.07.2018 06:14

Таисия Дудко: «Медсестра – это мое призвание»

Медсестра – это главный помощник врача, и конечный результат лечения зависит от ее действий. Их роль трудно переоценить. Знакомьтесь, медсестра...

 
Яндекс.Метрика