Жылдамдықтық режимді асырмаңыз!

Жаз келгелі жолдарымызда жаңа бір қауіптің пайда болғанын көрген шығарсыздар. Әсіресе, жаңа жол төселгеннен бері жылдамдықтық режимді сақтамайтын қос дөңгелекті көліктердің «айдатып» жүргенін көргенде, төбе шашың тік тұрады. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қайда қарап жүр?

Жол қателікті кешірмейді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының есептеуінше, 15 пен 29 жас аралығындағы жастардың өліміне ең бірінші кезекте жол-көлік апаттары себеп екен. Тас жолда жан тапсырушылар саны жағынан біздің еліміз де көштің бас жағында тұр. Соңғы жылдары қос дөңгелекті көліктерден келер қауіп көп. Өкінішке орай, скутерлер мен мопедтерді мінген талай жас қыршынынан қиылуда. Осы орайда, кәмелетке толмаған балаларына «қауіпті ойыншықты» сатып әпергіш ата-аналардың да кінәсі бар деп есептейтіндер де бар. Көбі балаларына сыйлық жасауды білгенімен, жол ережесін үйретуді ұмытып кететін сияқты.

Аудандық ішкі істер бөлімінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері бізде скутерлердің қатысуымен бірде-бір апат тіркелмеген. Десек те, скутерлер мен мопедтің иелерінің жылдамдықтық режимді сақтамай, автокөліктерді де басып озатынына Сіз де куә болған шығарсыздар. Тәртіп сақшыларының тарапынан жол қозғалысы туралы заңды айналып өтпекші жандарға ескерту жасалатын көрінеді. Биылғы жылдың сәуір айынан осы күнге дейін ауданымыз бойынша мас күйінде, герметикалық дулығасыз, тиісті құжаттарсыз жүрген отыз тоғыз скутер жүргізушісі жауапкершілікке тартылыпты. Естеріңізге сала кетейік, он алты жастан скутер мен мопед жүргізушілері арнайы жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Ал, егер он алты жасқа толмаған шағын литражды мотокөлік иелерін полиция қызметкерлері тоқтатса, жауапкершілікке ата-аналары тартылатынын ескеріңіз.

«Қос дөңгелекті көлікті тізгіндеу жасөспірім түгіл, ересек адам үшін де оңай емес», - дейді тәжірибелі көлік жүргізушілері. Сондықтан, қауіпті көлікті балаларына сатып әпермес бұрын ата-аналардың да ойланғаны дұрыс. Кәмелеттік жасқа жетпеген, әлі оңы мен солын тани қоймаған жеткіншекке темір тұлпар мінгізіп, жолға шығарып жіберу өлімге өз қолыңмен итеруден еш кем емес екендігін ұмытпағайсыз (Фотосурет мұрағаттан алынды)


Жизни людей спасены

06.12.2018 06:37

Жизни людей спасены

30 ноября в селе Аятское в частном жилом доме произошел взрыв...

Готовимся к Новому году!

06.12.2018 06:36

Готовимся к Новому году!

Тарановский район начал готовиться к новогодним праздникам. Проявляется это не только в разработке сетки тематических мероприятий, но и в виде...

Идеи - в производство!

06.12.2018 06:32

Идеи - в производство!

О том, как улучшить технологическую и экономическую составляющую на производстве в рамках первого в истории предприятия Форума рационализаторов 30 ноября...

Қоғамдық тыңдалымда қандай тақырыптар қозғалды?

06.12.2018 06:31

Қоғамдық тыңдалымда қандай тақырыптар қозғалды?

Қарашаның 30-ы күні С.Ерғалиев атындағы орта мектептің акт залында мектеп директорларының, ата-аналар комитеттерінің, қамқоршылық комиттеттердің төрағалары, балабақша меңгерушілері қатысқан қоғамдық...

В честь Лидера

06.12.2018 06:29

В честь Лидера

День Первого Президента отметили праздничным концертом тобольчане.

Елі сүйген, елін сүйген

06.12.2018 06:29

Елі сүйген, елін сүйген

Тұңғыш Президент күні Красносельск ауылдық кітапханасында «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» атты тақырыппен ұйымдастырылған дөңгелек үстел 6-сынып оқушыларының қатысуымен...

Молодежь - наше настоящее!

06.12.2018 06:28

Молодежь - наше настоящее!

Под таким девизом в Асенкритовской СШ состоялся Форум среди учащихся с девиантным поведением и лидерами школ района. Организатор данного мероприятия...

Ринат, жеңісің құтты болсын!

06.12.2018 06:27

Ринат, жеңісің құтты болсын!

Қарашаның 19-ы күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс орталығында 7-8-сынып оқушылары арасында физикадан жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Подводя итоги

06.12.2018 06:26

Состоялось итоговое заседание антитеррористической комиссии под председательством главы района.Вопрос о профилактике религиозного экстремизма и терроризма становится одним из актуальных. О...

С гордостью на заслуженный отдых

06.12.2018 06:25

С гордостью на заслуженный отдых

Девять работников культуры и библиотечного дела вышли на заслуженный отдых и получили награды.Именно они, работники сферы культуры, поэты, художники и...

Традиционная встреча АО "Варваринское" с тарановцами

06.12.2018 06:24

Традиционная встреча АО "Варваринское" с тарановцами

5 декабря в конференц-зале акимата района состоялась открытая встреча генерального директора и представителей АО «Варваринское» с населением района. Основная тема...

Тұңғыш Президенттің құрметіне

06.12.2018 06:23

Тұңғыш Президенттің құрметіне

Өткен аптада күллі ел Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Айтулы күн аудан орталығында да кең ауқымда аталып, мереке иесінің құрметіне...

Болашақ жауынгерлеріміздің дайындығы қалай?

06.12.2018 06:22

Болашақ жауынгерлеріміздің  дайындығы қалай?

Осыдан бір апта бұрын С.Ерғалиев орта мектебінің қабырғасында аймақтық әскери-спорттық эстафета ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шарада...

Шаг к удобной жизни

06.12.2018 06:22

Шаг к удобной жизни

Ко Дню Первого Президента в районном центре состоялось торжественное открытие спортивной площадки.

Золотыми буквами имена молодежи

06.12.2018 06:20

Золотыми буквами имена молодежи

Впервые состоялось награждение лауреатов, вошедших в «Золотую книгу молодежи» Тарановского района.

 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане