Өзекті мәселелер талқыланған отырыс

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_25_25-2018-9.JPGӨткен аптада аудан әкімі Қуандық Испергеновтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің залында жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

 

Қостанай облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Лисаков қалалық бөлімшесінің басшысы Қайрат Жамалиевтің, АІІб-нің басшысы Мұратбек Сейтқұловтың, аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімі орынбасарларының, аудан мекемелері мен кәсіпорын басшыларының, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, ауылдық округ, ауыл, кент әкімдерінің қатысуымен өткен отырыста жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысының қорытындылары туралы, жеке және заңды тұлғалардың 2018 жылғы бес айдағы өтініштерін қарау туралы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Кәкімжан баяндаса, аудандық мемлекеттік органдары басшыларының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Галина Филиппова берді. Жиналғандар күн тәртібіндегі негізгі тақырыптың төңірегіндегі баяндамасын Калинин ауылдық округінің әкімі Марат Шоңғалов та ұсынды. Сандарға, статистикаға және қажетті мәліметтерге негізделген баяндамашыларға қатысушылардың тарапынан қосымша сауалдар қойылған жоқ. Аталмыш комиссия отырысы қорытындыланып, мемлекеттік мекеме басшыларына, ауылдық округтердің, кенттің әкімдеріне мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылатын оқыту семинарларына, аудандағы жемқорлықтың таралуы бойынша көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмысқа, атқару мерзімдерінің сақталуына қатысты ұсынымдар берілді.

Ал, қылмыстың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында 2018 жылғы бес айдағы аудандағы қылмыстың жағдайы туралы және оны құқық қорғау органдарының қысқарту жөніндегі шаралары туралы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мұратбек Сейтқұлов ақпараттандырса, тең баяндамашылар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бекболат Уәлиев, білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Әлімбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Құлжанова, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғұрбаев қоғамдық мағынада әлеуметтік антинаркулезге қарсы иммунитетті қалыптастыру және нашақорлық пен алкоголизмге қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар БАҚ, интернет ресурстар арқылы қабылдаған шаралар туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. 2018 жылғы жазғы демалысқа кәмелетке толмағандарды ұйымдастыру туралы, сондай-ақ, спорт, бос уақытты бөлімдер мен клубтар желісін дамыту жайлы да Айгүл Алимбаева, Светлана Құлжанова мен денешынықтыру және спорт бөлімінің аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Никита Транда мәлімдеді. Сұрақ-жауап алаңына айналған қылмыстың алдын алу жөніндегі жиында бірқатар өзекті мәселелер де көтерілді, әсіресе, аудан әкімі балаларының жазғы сауықтандыру демалысына аса назар аударды. Отырысты қорытындылай келе, бөлім басшыларының әрқайсысына тиісті ұсынымдар берілді.

 


Жабағы батыр туралы аңыз

28.07.2022 06:13

Жабағы батыр туралы аңыз

Әрбір адам, ең алдымен, өз елінің өткен тарихын, халқының салт- дәстүрлерін, туған Отанының табиғатын жақсы білуі керек. Сонда ғана ол...

Сыр сандықтың тарихы тереңде

28.07.2022 06:06

Сыр сандықтың тарихы тереңде

Сандық - көшпенділер үшін ыңғайлы тұрмыстық бұйым ғана емес, қазақ халқы мәдениетінің ең ежелгі бұйымдарының бірі.

Храня память о батыре

28.07.2022 06:05

Храня память о батыре

22 июля сотрудники краеведческого музея совместно с МРЦ провели для молодежи района выездную экскурсию на место захоронения героя битвы с...

Самые значимые даты - в Календаре

21.01.2021 06:16

Самые значимые даты - в Календаре

Центральная районная библиотека в рамках программы «Рухани жаңғыру» выпустила очередной, пятый выпуск «Календаря дат и событий района на 2021 год»,...

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы

15.10.2020 06:22

«Нурикамал»  әнінің шығу тарихы

Ия, ескінің әні десек те, бір тыңдағаннан есте қаларлықтай, әсерлі әндер жетерлік. «Нурикамал» әнін естігенде толқымайтын қазақ жоқ шығар, осындай...

Онлайн кездесу – көңілге қонымды

08.10.2020 08:50

Онлайн кездесу – көңілге қонымды

"Рақмет саған, Туған Ел, "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы"кіші жобасы аясында, ағымдағы жылдың қыркүйегінде ішкі саясат бөлімі басшысы О.Нұрғалиева Е.Өмірзақова атындағы мәдениет...

Ключ к вечной нации

24.09.2020 06:10

Ключ к вечной нации

Возродить забытое – с такой целью в Казахстане запущен специальный проект под названием «Дәстүр мен ғұрып».В эпоху глобализации, как отмечают...

«Desht-Thor»: онлайн и с мировым масштабом

13.08.2020 06:51

«Desht-Thor»: онлайн и  с мировым масштабом

С 8 по 9 августа прошел III Международный фестиваль древних технологий и культурных коммуникаций памяти Тура Хейердала «Desht-Thor».

Амангельды Иманов - народный батыр

24.01.2019 06:27

В рамках программы «Рухани жаңғыру» 17 января в Валерьяновской ОШ прошла встреча работников Лисаковского музея и представителя молодежного крыла «Жас...

Отметили юбилей Е. Умурзакова

24.01.2019 05:21

Отметили юбилей  Е. Умурзакова

16 января в культурно-познавательном центре «Достық» в рамках программы «Рухани жаңғыру» для учеников 8 класса школы им. Б. Майлина было...

Прикоснись к истории

20.09.2018 05:54

Прикоснись к истории

Развитием внутреннего туризма занимается местная молодежь.

Латынға көшу - уақыт ағымы

20.09.2018 05:52

Қазақ халқының пікірінше- Кеңес дәуірінде қазақ тілі өз Отанымызда екінші қатарға ысырылған болатын.

«Великий сын своей земли»

20.09.2018 05:48

В исторической летописи любого народа есть немало известных личностей, о которых говорят: «Великий сын своей земли». Таким великим сыном казахского...

«Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі»

20.09.2018 05:47

Биылғы жылы қоғамдық талқылауға Таран ауданына ұлы жерлесіміз Бейімбет Майлиннің атын беру туралы ұсыныс түсті.

Вчерашний выпускник – сегодняшний меценат 

23.08.2018 06:39

Вчерашний выпускник – сегодняшний меценат 

Выпускник Красносельской СШ оказал спонсорскую помощь в работе по ремонту крыльца учебного здания.Жителям района Кайрат Маишев знаком как успешный бизнесмен,...

Благое дело на селе - ремонт медпункта

16.08.2018 06:53

Благое дело на селе - ремонт медпункта

При поддержке мецената и активности жителей в селе Николаевка реконструировали здание медицинского пункта.

Валерьяновской школе 60 лет!

09.08.2018 07:07

Валерьяновской школе 60 лет!

От церковно-приходской школы на 5-6 человек до основной школы, соответствующей всем параметрам современного общества.

Владимир Бушкиннің арқасында ауыл мәселесі шешілді

09.08.2018 07:05

Владимир Бушкиннің арқасында ауыл мәселесі шешілді

Асенкритов ауылындағы халықтың жанайқайы мәдениет үйінің бүгінгі ахуалымен тығыз байланысты. Себебі, ауыл үшін маңызды түрлі іс-шаралар да, үйірмелер де едәуір...

Побывали в роли поварят

09.08.2018 07:05

Побывали в роли поварят

3 августа в пришкольном лагере «Капитошка» Красносельской СШ в рамках программы «Рухани жаңғыру» и реализации базового проекта «Саналы Азамат» проведено...

Об истории края расскажет Интернет-блог

25.07.2018 14:29

Об истории края расскажет Интернет-блог

В рамках своего долгосрочного проекта «Сохраняя прошлое, создаем будущее» Тарановская районная библиотека инициировала создание специализированного Интернет-блога, где будут размещаться ранее...

Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане