Теміржол вокзалы қандай күйде?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/30/vokzal_tobol_apisarov.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/30/vokzal_tobol_apisarov.jpg'

vokzal_tobol_apisarov.jpgҚай елді-мекенге аялдамаңыз, вокзалына қарап, тұрмыс-тіршілігі, мәдениетін елестетесіз. Вокзал ауылдың айнасы іспеттес. Ал, Тобыл кентіндегі теміржол вокзалы қандай күйде?

Теміржол вокзалының қызметкерлері күніне жүздеген адамдарға қызмет көрсетеді. Демек, вокзалды күн сайын осыншама халық көреді деген сөз. Осы орайда, Тобылдағы теміржол вокзалының жай-күйімен танысу мақсатымен сол жаққа барып қайтқан едік. Несіне жасырайық? Бірден ғимараттың тазалығына мән бердік. Аңғарғанымыз, қоқыс түгілі, бір жерінен артық бір нәрсе таппайсыз. Көзіңе артық немесе ретсіз жатқан дүние көрінбейді. Барлығы өз орнында.
Содан кейін жоспарлағанымыздай, теміржол вокзалының басшысы Серік Аписаровпен жүздестік. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана осы қызметке тағайындалған Серік Кеңесқанұлы әңгіме барысында: «Вокзалдың территориясын аралап шығып, жоспар құрдық. Сол жоспарға сәйкес бір айдың ішінде бірталай жұмыс атқардық» - деп, қызметкерлердің күшімен атқарылған істерге тоқталды. Нақтырақ айтсақ, ғимараттың алдыңғы жағында гүлзарлар орнатылып, түрлі гүлдер отырғызылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен ең төменгі және жоғарғы баспалдақтар сырланған, вокзал ғимаратының жоғарғы бөлігі қатты желмен жұлынып кеткендіктен, ол қаптауыш затпен қалпына келтірілген. Сондай-ақ, Вокзалдың сыртқы және ішкі жақтарының бірен-сараны сыланып, сырланыпты. Ал, қызмет бөлмелерінің басым бөлігінде есік тұтқаларының орнында шеге қағылған көрінеді. Сол себепті, есіктердің «тұтқалары» ауыстырылды. Стандартқа сай болуы тиіс кабинет маңдайшаларының орнына «заманауи» А4 парақтары ілінген екен. Кезекпен жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы тамақтану бөлмесі тоңазытқышпен, қажетті жиһазбен жабдықталған. Тіпті, вокзал аумағында «Темекі шегетін орын» бөлініп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған, әрі асфальт төселген. Ұзын сөздің қысқасы, қызметкерлерге де, жолаушыларға да мүмкіндігінше барлық қажетті жағдай жасалған. Алла жазса, теміржол вокзалының басшысы Серік Аписаров әлі де талай жұмыс атқаруды жоспарлап отыр.
Осыдан-ақ «ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» деген сөздің бекер айтылмағанына көз жеткізесің. Жоспар құрып, оны іске асыра алатын басшының жетекшілігімен ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын байқадық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика