«Жастар өмірін маңызды және қызықты жасайық!»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/44/centr-iniciativ-int-gulbaram.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/44/centr-iniciativ-int-gulbaram.jpg'

centr-iniciativ-int-gulbaram.jpg«Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты сөз қалдырған дана халқымыз. Егемен еліміз бен тәуелсіз мемлекетіміздің жастарына лайықты білім мен тәрбие беріп, оларға барынша әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетіп, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына жағдай жасалынып келеді. Осы орайда, әр аймақта мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында «Жастар бастамалары орталығы» мекемесі құрылған болатын. Жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және күш-қуат әлеуетін дамыту мақсатын көздейтін ауданымыздың жастар бастамалары орталығының басшысы Гүлбарам Тюлюбаевамен тілдестік.

 

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастар саясатын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр.Бүгінгі жастардың ой-пікірлері мен идеялары өте көп десек те болады. Сіз олармен бағыттар бойынша жұмыс істеп жүрсіз?
- Жастар бастамаларының орталығы кездейсоқ ашылған жоқ. Біріншіден, бұл жас адамдарға әртүрлі бағыттар бойынша кеңес беретін және оларға қажет көмек көрсететін әлеуметтік қызмет болып табылады. Екіншіден, бұл барлық деңгейде жастар үшін ресурстық орталықтарды құруды қарастыратын Мемлекеттік жастар саясатының концепциясында қойылған тапсырмаларды іске асырудың қолайлы тәсілі. Біз тиісті құзырлы мекемелермен қарым-қатынас жасай отырып, оларға жұмысқа орналасу мүмкіншілігін ғана емес, әртүрлі бағыттар бойынша кеңестер, іс-шаралар өткізуге тырысамыз.

 

- Гүлбарам Жұмағалиқызы, жұмыс барысына тоқталып өтсек... Соңғы екі айда қандай іс-шаралар атқардыңыз?
- Елбасымыздың мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау барысында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына біз де қатыстық. Күн көрісі төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көрсету мақсатымен Тәубагүл Алдановаға, Гүлайым Нәбиге, Бақыт Байқановаға және Әсел Адиловаға кеңсе тауарларын сатып алдық. «ҚХА – 20 мейірімді іс» ҚР Ассамблеясының 20 жылдығы шеңберінде «Жылуыңды сыйла» акциясын өткізіп, жанашыр жерлестеріміздің көмегімен жылы киімдер жинап, оларды көмекке мұқтаж жандарға тараттық. Сондай-ақ, акция қатысушыларына жаңа киім сатып алуға мүмкіндік берген «Н.Твердохлеб» ЖК-іне алғысымды айтуға рұқсат етіңіздер. АІІб-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Отбасы күні» мерекесінің қарсаңында әйелдер мен балалар құқықтарын қорғау бойынша тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалған жоқ. Ұзын сөздің қысқасы, акция мен мерекелік концерт те, семинар-тренинг пен дәрістер де өткіздік.

 

-«Мақсат қоя білу де өнер» демекші, алдағы мақсаттарыңызбен, жоспарларыңызбен бөліссеңіз.
-Барлық идеяларыммен әзірше бөліспей-ақ қояйын, бәрін де алдағы уақыттарда біле аласыздар. Бірақ, биылғы жылдың соңына дейін ерекше форматтағы ірі іс-шаралар өткізуге дайындық жүргізудеміз деп айта аламын. Әлбетте, жастардың белсенділігін арттырып, жетілдіру үшін бар-күш-жігерімізді саламыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, менің аудан жастарына айтарым, креативті, позитивті және идеяларға толы жас адамдар біздің Жастар бастамалары орталығына хабарласыңыздар. Бірге біздің өңірдің жастар өмірін маңызды және қызықты жасайық!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика