Жас мамандардың қатарын толықтырған Алия

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/45/45-10.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/45/45-10.jpg'

45-10.jpgҚолына диплом алған жас түлек ауылына барудан гөрі оқу орнын тәмамдаған қалада қалғысы келеді. Бұл үрдіс, әсіресе, 2000 жылдары жастар арасында қатты белең алғаны белгілі. Осының салдарынан ауылда негізінен қарттар мен бала-шаға қалып, жастар күрт азайып кетті. Маман тапшылығы сезіле бастады.

Бір кездері жанып тұрған ауыл келбеті жұтаң күйге енді. Осы кемшіліктің алдын алмақ мақсатында 2009 жылдың шілдесінен бастап «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы қолға алынды. Жас мамандарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз жәрдемақы, сондай-ақ күн тәртібінде тұрған баспана мәселесінің күрмеуін шешу үшін мемлекеттен несие беріледі. Ауданымызға атбасын тіреген жас мамандардың бірі Алия Сержанова да үйінің кілтін қолына алып отырғанын қуанышпен айтады. Қызметке кіріскеніне төрт жыл болған Алия Қостанай педагогикалық институтын тәмамдап, 2011 жылы аудан орталығындағы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі қызметіне орналасты. Сол жылы бірден көтермеақы алып, бір жылдан кейін аталмыш мемлекеттік бағдарлама бойынша Красносельск ауылында үй сатып алды. Бүгінде ол шағын орталықтың тәрбиешісі болып жұмыс істеп жүр.
«Мен педагогика саласының мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Бала кезімде мұғалім болуды армандайтынмын. Сол себепті, «мектепке дейінгі тәрбие» факультетіне оқуға түсуге бел будым. Шыны керек, тәрбиеші болу өзіме қатты ұнайды.Осы саланы таңдаған жан методикамен қатар, психологияны жақсы меңгеруі тиіс. Себебі, әр баланың мінезі әртүрлі, әрқайсысының бабын таба білу керек», - дейді Алия Дарьябайқызы.
Мектеп директоры Аслан Мәдібаевтың айтуынша, жас мамандардың қатарын толықтырған Алия Сержанова қызметінде ұқыпты, әрі жауапты. Балалармен тіл табыса білетін мұғалім түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда, сабақ өткізуде шығармашылығын таныта білетін көрінеді. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы осындай жастарға жемісін береді, ал, жас мамандар ауылды жерге бет бұрады деген сенім білдіреміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика