«Полиция лейтенанты» + диплом

c_410_290_16777215_00_images_2016_4_4-2016_2.JPGҚаңтарда жалпы білім беретін мектептер мен колледж түлектерін ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау басталады. Осы орайда, АІІб-нің басшысының орынбасары Бауыржан Аманбаевпен тілдестік. Сонымен...

 

- Бауыржан Кейкіұлы , талапкерлер ІІМ жүйесіндегі қандай ЖОО-на түсе алады?
- ҚР ІІМ оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірушілер Алматы және Қарағанды қалаларындағы Академияларда, Қостанай қаласындағы Заң институтында тергеу-криминалдық, жедел іздестіру, ақпараттық жүйелер мен әкімшілік-құқықтық мамандықтары бойынша білім ала алады. Алматы Академиясының жедел іздестіру факультетіне түсу үшін Қазақстан тарихы, қазақ тілі немесе орыс тілі, математика, дүниежүзілік тарих пәндерін, ал ақпараттық жүйе-техникалық факультетіне түсу үшін міндетті түрде физиканы таңдау керек. Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы тергеу-криминалдық және жедел криминалдық мамандарды дайындайды. Әкімшілік-құқықтық бойынша мамандық иесі атануды қаласаңыз, Қостанай қаласындағы оқу орнына түсуіңізге болады.


- Іріктеу кезінде үміткерге қандай талаптар қойылады?
- Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес үміткердің іскерлік, жеке және моральдық қасиеттері ескеріледі. Сонымен қатар, бойыңыз 170 см-ден төмен болмауы тиіс, оң мінездеме, сотты болмау, физикалық дайындық бойынша нормативтерді орындау да аса маңызды.Жалпы білім беретін мектептердің биылғы түлектері Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысады. Қазақ тілін есептемегенде, өту ұпайы 50-ден кем болмау керек. Өткен жылдардағы жалпы орта білім беру, орта кәсіптік оқу мекемелерінің бітірушілері, ҰБТ-ге қатыспағандар кешенді тестілеу тапсырады. Емтихан кезінде оқу мекемесінің жатақханасы ұсынылады.


- Бауыржан Кейкіұлы, ІІМ тыңдаушылары әскер қатарына шақырылудан босатыла ма?
- Иә, ҚР ІІМ тыңдаушысы әскери қатарына шақырудан босатылады.Оқу мекемесіндегі білім алу уақыты жедел әскери қызмет етумен тең болады, әрі ІІО қызметінің өтіліне есептеледі. Айта кету керек, тыңдаушылар мен курсанттар оқыту барысында казармада тұрады, тегін тамақтандырумен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, шәкіртақы алады. Тиісті оқу мекемелерін тәмамдаған тұлғаларға «полиция лейтенанты» атағы беріліп, диплом табысталады. ІІМ оқу мекемелерінің түлектері міндетті түрде ІІО аумақтық бөлімшелерге жұмысқа орналастырылады. Талапкерлердің назарына! Тиісті құжаттар 1 сәуірге дейін қабылданады.


- Әңгімеңізге көп-көп рақмет!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика