«Учаске – менің екінші отбасым»

Адам өмірінің соңына дейін хирургке жолықпауы мүмкін. Алайда, туылғаннан бастап есейгенге дейін ең көп кездесетін дәрігер - педиатрдың орны өзге дәрігерлерден бір бөлек. Бүгінгі айдарымызда осы мамандықтың қыр - сырын меңгерген учаскелік педиатр жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.

«Мен Жітіқара ауданы Забелов ауылында дүниеге келдім. 1973 жылы 10-сыныпты бітірген соң, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түстім.Медициналық балалар ауруларын зерттеу және емдеумен айналысатын педиатрия факультетін таңдауыма ата-аналарым себепші болды. Ол кезде болашақ педиатр дәрігерлерін оқытатын төрт факультет болатын. Ашығын айтқанда, болашақ мамандықты таңдар алдында екі ойда болдым. Мен не педагогика, не медицина саласының маманы болуды армандадым. Жасыратыны жоқ, сол кезде қабылдаған шешіміме еш өкінген емеспін», - деген сөздерімен әңгімемізді бастаған Ботагөз Құрманқызы бүгінде білікті де, тәжірибелі маман иелерінің бірі болып табылады. Кезінде жолдама бойынша Қостанай қаласына жіберіліп, бір жылдан кейін қызметін Тобыл елді-мекенінде жалғастырған жас қыз ізденімпаздығының, білімқұмарлығының арқасында өмірдегі өз орнын тапты. Біздің аймаққа келгенде, жас маманға бірден пәтер де беріліпті. Апасының жолын қуған кіші сіңлісі де Астанада хирург қызметін атқарса, қалған бауырлары педагог болып еңбек етіп жүрген көрінеді.
Ботагөз Нагаеваның айтуынша, алғашқы жылдары іштей небір қорқыныш сезімі болды. Кейін өз ісін меңгерген әріптестері мен жыл сайынғы тәжірибенің арқасында жақсы жетістіктерге қол жеткізді. «Әлі есімде... 80-ші ж.ж. балалар арасында вирустық гепатит ауруы кең таралған еді. Тіпті, Москвадан таңдаулы, үздік дәргерлер де келген-ді. Ал, бүгінде балалар арасында, өкінішке орай, салқын тигеннен болатын, аллергиялық аурулар басым.Қазіргі сәбилердің иммунитеті де әлсіз екендігін мойындауымыз қажет. Айта кету керек, алты айға дейін сәбиді емізген дұрыс, әдетте мұндай балалардың денсаулығы мықты болады», - дейді дәрігер маман.
Тобыл өңірі Ботагөз Құрманқызы үшін құтты жер болды десек, артық айтқанымыз болмас. Ол мұнда кәсіби маман ретінде ғана емес, аяулы жар, мейірімді ана ретінде де қалыптасты. 1987 жылы Самат есімді азаматпен тұрмыс құрған кейіпкеріміз бүгінде Элмира есімді немересінің қызығына бөленуде. Тобыл ауылындағы 1356 баланың әрқайсысына ана ретінде қарайтын, маман ретінде жәрдемдесетін Ботагөз апай «Учаске – менің екінші отбасым» деген қағиданы ұстанатынын алға тартады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика