Орталықтың жұмысы жанданып келеді

c_410_290_16777215_00_images_2016_13_13_2016_311.jpgОсыдан 4 жыл бұрын құрылған «Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің жұмысы жыл сайын жанданып келеді. Онда мемлекеттік тіл - қазақ тілін, сонымен қатар, орыс, ағылшын тілін дамытып, үйренуге барлық жағдай жасалған. Орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін білмек мақсатпен аталмыш мекеменің директоры Ақтолқын Кафизованы әңгімеге тарттық.

- Ақтолқын Оразқызы, тілдерді оқыту орталығының өткен жылғы атқарған жұмыстарын қорытындыласақ. Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер? Қандай қиыншылықтар болды? Кейбір жұмыстардың іске асуына қаржы мәселесі қол байлау болған жоқ па?
- 2015 жыл біздің ұжым үшін жетістіктерге толы жыл болды деуге болады. Біріншіден, облыстық «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ойсана», «Абай оқулары» сияқты үш байқауға қатысып, 2 байқаудан жүлделі орынға қол жеткіздік, бұл 66% сапасы қамтамасыз етілді. Екіншіден, Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Эльмира Кәрімжанқызы Оразбаева «Ұлағатты ұстаз» қашықтықтық республикалық байқауына қатысып, жүлделі І орынға қол жеткізді. Үшіншіден, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификациялық тестілеуге қатысып, ауданның 9 тұрғыны республикалық деңгейдегі сертификатқа қол жеткізді.
Ал, қиыншылықтарға келетін болсақ, мені алаңдататын мәселе ауданымыздағы ересек тыңдаушылардың саны аз. Қытай философы Конфуций: «Егер де маған мемлекет басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі, тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан, бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды», деген екен. Көршіге қарап, көшін түзейтін Қазақ елінің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев философтың халықты біріктіру жөніндегі тұжырымын ұстанып отыр. Бұл өте орынды деп есептеймін.
Екіншіден, алаңдататын мәселе, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жауапты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №126 Жарлығымен Тілдерді дамыту мен қолданудың бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Ал, қазіргі таңда, Бағдарламада 9 нысаналы индикатор мен 12 нәтиже көрсеткіш көзделген. Атап айтатын болсақ, «Қазтест» жүйесі арқылы анықталған мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай – 25%, 2020 жылға қарай – 35%), С1 деңгейінде (2017 жылға қарай – 5%, 2020 жылға қарай – 15%), «Қазтест» жүйесі арқылы анықталған мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай – 10%, 2020 жылға қарай – 20%), С1 деңгейінде (2017 жылға қарай – 5%, 2020 жылға қарай – 10%). Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары мен әдіскерлері бірнеше рет аудандық семинарлар өткізіп, «Казтест» жүйесі бойынша тестілеу материалдарын, электрондық оқулықтарды үйлестіріп, түсіндірме жұмысын өткіздік. Өкінішке орай, 2016 жылғы қаңтар айында өткізілген семинардың соңында сауалнама арқылы сол берілген материалдар қолданылмағаны анықталды. Тіл мәселесі өте күрделі, себебі мәжбүрлеп оқыта алмаймыз, ол үшін қажеттілік, талап болу керек деп ойлаймын. Өйткені кезінде Ақтамберді жырау:
«...Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін.....» - деген екен. Сондықтан тілді үйрену әр азаматтың жеке басына байланысты, кезінде өзіміз қазақ тілінде білім алып, өмір мектебінің арқасында орыс тілін меңгердік, біздерге ешкім де тегін оқыту курсын ұйымдастырған жоқ, сондықтан өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне тілдік орта қажет. Бұл қазақ халқына жүктелген міндет, сондықтан «Бірігіп көтерген жүк жеңіл»- демекші, тек қана барлық қазақ ұлтының өкілдері осыны жан- тәнімен ұғынып, бір- бірімен қазақ тілінде тілдескенде ғана, тіл мәселесі шешімін табады деп ойлаймын. Тағы бір атап өтетін мәселе, әр қызметкер өз бетінше қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізсе, осылай күнделікті іс жүзінде тілді қолдану арқылы ғана тілді үйренуге болады.
Қаржы мәселесінен тапшылық көрген жоқпыз.
- Өткен жылы қанша қазақ тілінде дәріс алушылар сертификат алды? Олардың қаншасы мемлекеттік қызметкерлер?
- Тілдерді оқыту орталығы оқытуды күнтізбелік жылдың ақпан айында бастап, қараша айында тәмамдайды. Маусым айында аралық бақылау өткіземіз, қараша айының соңында қорытынды аттестациялау өткізіп, соның қорытындысы бойынша аудандық деңгейде сертификат береміз.
2015 жылы барлығы 151 тыңдаушы тілдерді оқыту курсына жазылған болатын, соның ішінде: қорытынды аттестацияға қатысқандардың саны -103, бұл 71,0 % құрады. Қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша өту деңгейі 90 және одан жоғары балл жинағандар саны-70, бұл 68,6 % құрады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тіл курсынан сертификатқа ие болғандар саны: 70
Соның ішінде:
А1 қарапайым деңгей - 30;
А2 базалық деңгей – 21;
В1 орта деңгей – 19.
Ағылшын тілі курсынан сертификатқа ие болғандар саны: 6
Соның ішінде:
А1 қарапайым деңгей - 1;
А2 базалық деңгей – 5.
Сондай- ақ, әлеуметтік жоба аясында тәуелсіз сараптамашылардың өткізген әлеуметтік сауалнамаларының нәтижесі бойынша, ауданның мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі- 63,3 % құрайды. 2013 жылдан бастап түрлі саланың қызмет көрсететін 226 қызметкері диагностикалық тестілеуден өтті.
- Серфикат алғандармен әрі қарай қандай жұмыстар жүргізіледі? Сіздерден дәріс алып кеткендер кейін үйреніп білгендерінен айрылып қалмай ма деген ой туады.
- Иә, сіздің ойыңыз дұрыс. Тілдерді оқыту орталығында өзіміз жиі пайдаланатын сайттарымыздың тізімі бар, сонымен қатар онлайн тәртібінде өз бетінше мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік жасау мақсатында құрылған «Soyle.kz» интернет – порталы пайдалануға кеңес береміз.
- Ағылшын, орыс тілінен дәріс алушылар бар ма?
- Ағылшын тілінен 2016 жылы қосымша топтар Тобыл кентінде мемлекеттік қызметшілерге, Асенкритов орта мектебінің қабырғасында мемлекеттік қызметшілер мен ұстаздар қауымына арналған ағылшын курсы ұйымдастырылды. Орыс тілін үйренуге ниет білдірушілер бар, бірақ олардың саны аз, 5-6 адам, талап бойынша 1 топта 15 тыңдаушыдан кем болмау керек
- Мемлекеттік тілді үйренуге атүсті қарайтындармен қандай жұмыстар жүргізілмек?
- Жасыратыны жоқ, немқұрайлық танытатындар да баршылық, оларға апта сайын телефон арқылы хабарласып, сабаққа шақырамыз, ескерту жасаймыз. Әр айдың соңғы күні басшыларына сабаққа қатысуы туралы хат жолдаймыз.
- Қазіргі таңда қанша тыңдаушы бар?
- Бүгінгі күні барлық Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылар саны-194. Соның ішінде: мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушылары- 149, ағылшын тілінен- 45.
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тілді тегін және еркін үйрену үшін барлық жағдайлар туғызу мақсатында, Таран ауданының жалпы білім беретін мектептердің қабырғасында мемлекеттік және ағылшын тілді оқыту курстарын ұйымдастыру туралы мектеп директорларының атына жыл сайын хат жолдаймыз. Соның нәтижесінде, биылғы жылы аудан бойынша тыңдаушылар саны – 763, соның ішінде қазақ тілін үйрену курсының 35 тобында 560 тыңдаушы, ал ағылшын тілінен 17 топта 223 тыңдаушы тәлім алады.
- Алдағы жоспарларыңыз.
- Мемлекеттік тілге қатысты көңілде жүрген көп ойдың бірқатарын ақтардық. Дегенмен, ұлы Абай айтқандай, дәл қазіргі уақытта қазаққа «ақырын жүріп, анық басатын» шақ келді. Сондықтан бүгінгі әңгімемізді ардақты ғалым Мекемтас Мырзахметовтың сөзімен аяқтағанды жөн көрдім. «Менің ойымша, қазақ тілін күштеп үйретуге болмайды. Себебі, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің талап- тілегімен де санасуымыз керек. Қазіргі таңда еліміздегі қазақтардың үлес салмағы 63 пайыз. Ал, енді біздің санымыз 70 пайызға жеткенде мәселені басқаша қоюға болады. Сондықтан саясатты ушықтырмау үшін, біртіндеп қазақ тілін үйрету керек». Сол себепті, үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында, солтүстік аймаққа қазіргі уақытта «Серпін» бағдарламасы аясында білім алу үшін оңтүстік жастары келіп жатыр, оның сыртында оралмандардың қоныстануы да әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Біз Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №126 Жарлығымен Тілдерді дамыту мен қолданудың бағдарламасында белгіленген нысаналы индикатор мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
- Әңгімеңізге көп рақмет! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.
- Әмин! Айтқаныңыз келсін.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика