кітапханашы – көңіл елшісі

c_410_290_16777215_00_images_2016_20_20-2016-3.jpgЕстеріңізге сала кетейік, 21 мамырда елімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтіледі. Мәдениет мекемелерінің ішіндегі сан жағынан және халыққа қызмет көрсету жағынан алғанда ең ауқымды сала болып табылатын кітапхана жүйесінің жан дүниесі бай қызметкерлері үшін де бұл ерекше күн. Сондықтан да, осы мереке қарсаңында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гаухар Асановамен сұхбаттастық.

-Гаухар Жақсылыққызы, «Кітап – адамзат руханиятының алтын сандығы. Кітапхана – білім ордасы» дейміз. Ал, Сіздің ойыңызша, кітапхана жүйесіндегі кітапханашылардың рөлі қандай?
- Бүгінгі заман, уақыт талабы білімді кәсіби мамандар оқырмандарға сапалы қызмет көрсетудің жоғары деңгейде берілуін талап етеді. Менің ойымша, қадр саясаты кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін көтеруге бағытталуы тиіс. Жаңа ақпараттық технологияға көшу әріптестеріме бәсекелестікке бейімделу талабын қояды. Соған байланысты әркім өз білімін ұдайы жаңартып, іскерлік пен шығармашылығын жүзеге асыруы қажет. Осыған орай, ұжымымызбен әдістемелік шеберлікті үнемі кеңейте де, жетілдіре отырып, кітапхана ісіндегі қызмет түрлерінің дәстүрлі түрімен қатар, жаңа бағыттағы жұмыс түрлерін енгізудеміз. Ауданымыз бойынша барлығы 28 кітапхана бар. Кез-келген елді-мекендегі түрлі жас санатындағы оқырмандардың кітапхана қабырғасына баруы әлбетте кітапханашыларға байланысты деп есептеймін. Өйткені, кітапханашы – көңіл елшісі. Демек, ол жақсы оқырманның қажеттілігін орындайтын досы, әрі жақсы психолог болуы керек.
-Оқырмандар мен қоғамның бетке ұстар интеллегенциясы болып есептелетін кітапханашылар қаншалықты тығыз қарым-қатынаста? Талғамы әртүрлі оқырмандар көбінесе қандай әдебиетке бет бұрады? Сондай-ақ, жаңа ақпараттық технологияның, ғаламтор желісінің дамуы кітапхананың кенжелеп қалуына ықпалын тигізбей ме?
- Бүгінде орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қоры – 400 мыңға жуық. Кітапханаларымызда білікті де, тәжірибелі шығармашылық қабілеті мол кітапханашыларымыз еңбек етеді. Олар оқырмандардың талғамын есепке ала отырып, әрқайсысының бабын таба біледі. Зейнеткерлер көбінесе күрделі тақырыптағы кітап таңдаса, орта буын өкілдері тарихи кітапқа бейім. Ал, оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша қажет кітаптарын оқиды. Аудан орталығында «Достық» мәдени-танымдық кітапхана есігі балалар үшін әрдайым ашық. Жеңіл, әуесқой кітаптар да сұранысқа ие десем де болады. Жүргізілетін сауалнама бойынша біз қашан да кітапханаларымызды толықтырып, заман талабына сай түрлендіріп, нұрландыруға тырысамыз. Облысымыздың басқа аудандарымен салыстырғанда, аудандық бюджеттен кітаптарды толықтыруға үнемі қаражат бөлініп тұратынын атап өту керек. Кітапхана жұмыстарының басты мақсаты – кітаптарды насихаттау, оқырмандардың ақпараттық және жалпы сұраныстарын қанағаттандыру. Сол себепті, заманауи жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта да қарқынды жұмыс жүргізілуде. Ауылдық кітапханаларымыздың өзі компьютерленген, ғаламтор желісіне қосылған. Осы ретте, электрондық құжаттарды жеткізуге еш кедергі жоқ. Жаңа ақпараттық технологияның дамуына сай біздің жеке сайтымыз, «Б.Майлин – өлкеміздің мақтанышы» атты блогымыз бар. Алдағы уақытта электрондық кітап көрмесін, мерейлі оқиғалар күнтізбесін әзірлемекшіміз.
- Гаухар Жақсылыққызы, кітаптардың толықтырылуы мен өткізілетін іс-шаралар жайлы толығырақ айтып өтсеңіз...
- Мемлекеттік тапсырыс бойынша кітапхана қорын «Мәдени мұра», «Бабалар өсиеті» серияларының кітаптарымен толықтырудамыз. Жақында ғана теориялық, әрі дискілері бар «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты кітабына ие болдық. Ескірген кітаптарымыз да жаңартылып отырады. Тіпті, Новольин ауылының Татьяна есімді мұғалімі өзінің жеке кітапханасын ұсынды. Жалпы, сыйға көп келетін кітаптар, әсіресе, жергілікті ақын-жазушыларымыздың тарту еткен кітаптары жеткілікті. Жоспар бойынша кітапханашылар мерейлі оқиғалар қарсаңында дөңгелек үстелдер, көрмелер, тарихи сағаттар, әдеби кештер ұйымдастырып отырады. Біліктілігін арттыру, әдіскерлік көмек көрсету мақсатымен облыс орталығындағы семинарларға қатысады, әрдайым ізденісте болады. Жас мамандарымыз да назардан тыс қалмайды. «Жаңа бастаушы кітапханашы мектебі» оларға көп көмегін тигізуде. Кітапханашыларымыздың жетістіктері де аз емес. Мысалы, Қостанай қаласында өткен «Жыл кітапханашысы» байқауында бақ сынаған Юбилейный ауылының кітапханашысы Светлана Мамро 3-ші орынды жеңіп алды.
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесінің қарсаңында әріптестеріңізге жылы лебізіңізді белдірсеңіз.
- Әріптестерімді шын жүректен кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге халқымыздың бүгіні мен болашағына қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін! Әрдайым қазақ елінің мәдениеті мен өнерін өркендетіп, Қазақстанның қарыштап дамуына сүбелі үлес қоса берулеріңізге тілектеспін.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика