«Қанатты әйел»

c_410_290_16777215_00_images_2016_22_020620168.jpgМіне, осындай атты байқау Қостанай қаласында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының, мемлекеттік мекемелер кәсіподағының
ұйымдастыруымен өтті.

Байқауға облысымыздың қалалары мен аудандарынан 15 келіншек қатысты. Солардың бірі – Гүлбарам Тюлюбаева. Өңіріміздің атынан шыққан аруымыздың айтуынша, сайыстың мақсаты - қызметкер әйелдің жақсы маман, ұйымшыл, жетекші, отбасының қорғаушысы және ана ретінде көрсету болатын. Сондықтан, ол бәсекелестерінен қалыспай, өзін әр қырынан танытуға барынша тырысты. Алғашқы «Өзін-өзі таныстыру» кезеңінде Гүлбарам өзінің қабілеті мен талантын көрсету үшін жан-жақты дайындалған. Өзін «Екі баланың анасымын, Жағалбайлы келіні ем. Келіп тұрмын сайысқа Бейімбет ата елінен...» деген өлең жолдарымен таныстырып, арнайы презентация әзірлеп қана қоймай, барша көрермендерге ырғақты да, тамаша музыкалық нөмірін паш етті. Ал, «блиц-викторинада» сайыскерлер берілген уақытта Қазақстанға, туған жерге қатысты сұрақтарға жауап беріп үлгеру арқылы тапқырлығы мен ой ұшқырлығын, шапшаңдығын көрсетуі тиіс еді. Аталмыш тапсырма оңайға соқпағанмен, жерлесіміз білгірлігінің арқасында сүрінген жоқ. Интеллектуалдылықты талап ететін тапсырмадан кейін, кезек «Үй тапсырмасына» да келді. Мұнда сынға түскен әйелдер байқаудың шарты бойынша өз қолдарымен дайындаған барлық жұмыстарымен таныстыруы керек. Өмірде жар, әрі ана атанған Гүлбарам Қазылар алқасына пісірген дәмді нан-тоқаштарын ұсынып, жақсы ұпайларды иемденді. «Адам көркі - шүберек» демекші, сайыскерлерге сахна төріне көз тартарлық кешкі сәнді көйлектерімен шығуға мүмкіндік беретін «Дефиле» кезеңі қатысушылардың ажарын аша түсті десек артық айтпаспыз.
Сайыс болған соң, жеңімпаздардың да болатыны анық. Қазылар қостанайлық қатысушының өнерін жоғары бағалап, бірінші орынға лайық деп таныса, екінші орынды Арқалық қаласынан келген сайыскерге берді. Ал, жүлделі үшінші орынды ауданымыздың өнерлі де, іскер әйелі Гүлбарам Тюлюбаева жеңді. «Мен аталмыш сайысқа алғаш рет қатыстым. Қатысушылардың барлығы да жақсы дайындықпен келген екен. Мен де солардан қалыспауға бар күш-жігерімді салдым. Еңбегім зая кетпеді десем де болады, туған елді-мекеніме жүлдемен оралдым», - дейді диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болған Гүлбарам Тюлюбаева. Облыс бойынша сегізінші рет ұйымдастырылған байқауда бағын сынап, нәтижеге қол жеткізген жастар ресурстық орталығының директоры Гүлбарам Жұмағалиқызын жетістігімен құттықтаймыз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика