Хирургке – батылдық, өжеттілік керек

c_410_290_16777215_00_images_2016_24_24-2016126.JPGДәрігер мамандығының қыр - сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс.

Әрбір жанның өмірі бұрылыстар мен құбылыстардан тұрады. Талай сан сынақтармен сыналатын адам өмірі ақ халатты абзал жандармен тығыз байланысты. Дәрігер болатын жанға үлкен жүрек керектігі, ақ желеңді кір шалдырмау керектігі де бекер айтылмайды. Қанша сын айтылса да, халық дәрігерлер қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат. Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында сондай жауапты мамандықтың иесі, хирург Жұмахан Сламовпен жүздесіп, әңгімеге тартқан едік.
Жұмахан Муталханович, жалпы дәрігерлік мамандықты таңдауыңызға не себеп? Оңтүстік өңірінің тумасына солтүстік қалай әсер етіп жатыр?
Иә, мен 1990 жылы Оңтүстік аймағында тудым. Сонда мектеп бітіріп, ер жеттім.
Адамның алдына қойған мақсаты айқын болғанда ғана арманы орындалады. Отбасымызда дәрігер мамандығын таңдаған ешкім жоқ. Мен үш баланың үлкені болдым, тез есейдім. Анам болашақта кім боласың деп қызығатын. Анамның тілегі, әрі дәрігер болсам деген бала кезгі арманым мені дәрігерлік оқуға жетелеп келді. 2014 жылы Қарағанды қаласындағы медициналық университетті тәмамадам, өз қалауыммен, бүгінгі таңда қызмет атқарып жатқан жерім, Таран ауданына келдім. Аудан халқы жақсы қарсы алды. Жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалған.
-Хирургке тән мінез қандай болуы керек?
- Хирург шұғыл шешім қабылдауға қорықпайтын асқан батыл, өжет болуы керек. Жалпы дәрігерлік мамандық білімділікті, үздіксіз ізденісті ауадай қажет етеді. Хирург үшін қателесуге жол жоқ. Оның шешімінің артында адам өмірі тұр.
Өз басым сәтті ота жасап шыққан соң, мойымнан үлкен жүк түскендей жеңілдеп қаламын. Үйге барғанда да сол жасаған отамды көз алдымда өткіземін. Науқас әбден жазылып кеткенше, сол ота миымда жүреді.
Алғашқы жасаған отаңыз есіңізде ме?
Иә, 2014 жылы күзде осы ауданға келіп, қызметке тұруға құжат тапсырып болып жатқан болатынмын, шұғыл түрде ауруханаға жас бала түсті. Соған алғашқы отамды жасадым.
Қазір «өркениетпен бірге келген аурулар» көбейді дегенді айтып жүрміз. Адамзаттың денсаулығын жақсарту үшін керектің бәрі бар сияқты. Бірақ… адам аурудың алдында дәрменсіз. Соңғы уақыттарда көп кездесетін хирургиялық аурулардың түрлері қандай? Себебі неден?
Қай заманда да ең жиі жасалатыны ішек операциясы. Қазір өт қалтасында тастың болуы, оның асқыну аурулары, ұйқы безінің ауруы, асқазан мен бауырдың, өт жолдарының ауруы көбейді. Осы ағзаларға жасалатын операциялар жиі болады. Бұның бәрі дұрыс тамақтанбаудан, ауыз су құрамының нашарлығынан болады. Сондықтан адам жылына бір мәрте арнайы тексерістен өтіп тұруы қажет.
Мерекелік тілегіңіз...
Барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Отбастарына амандық, бақыт тілеймін! Халқымыздың ғұмыры ұзақ, денсаулығы мықты болсын деймін.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика