«Басты мақсатым – көкпардан үлкен топ құрып, Республикалық, Халықаралық жарыстарда Таран ауданы атынан сынға түсу»

Қазақ – ежелден сәйгүлік баптаған ел. Егемендік алғалы тұлпарлар тағдыры қазақы қаны бар азаматтардың қолына көшті.

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ елі бағзыдан келе жатқан ұлттық өнерін жаңғыртуға ден қойды. Бүгінде ауданымыздың кейбір өңірлерінде асыл тұқымды жылқы өсіріп, аламанда ат оздырып жүрген азаматтар баршылық. Жекелеген жылқықұмар жандарды былай қойғанда, Набережный ауылдық округінде арнайы топ жұмыс істейді. Біз сол топтың жетекшісі Жайылхан Құлқаевты әңгімеге тартып, бүгінгі жұмыстарын, алдағы мақсаттарын білген едік.
- Жайылхан Тулебаевич, ауданда ат спортына ерекше көңіл бөліп, соны дамытып жүрген азаматтардың бірісіз. Осының сыры мен себебін айтсаңыз?
- Мен Өзбекстан елінде тудым. Әкем 40 жыл қойшы болып, ат жаратып, көкпар тартқан кісі. Мен де ес білгелі ат үстінде келемін. Бауырларым да жылқыға жақын жандар.

 


2005 жылы ата жұртқа қоныс аударып, осы Елизаветин ауылына келдік. Мен осы жылдардан бастап Қостанай облысының ат спорты командасында сайысқа түсіп жүрдім. Сол кездерде ойлайтынмын «біз өзіміз неге жеке топ болып шығып, көкпардан аудан намысын қорғамаймыз» деп. Бұл ойымды маңайдағы дос-жарандарға, бауырларыма айтып көрдім. Оған да 10 жыл өтіп кетті. Әйтеуір, биыл сол ойым іске асып, «Тамды» тобын құрып шығардық қой. Былтырғы жылдың аяғында жора-жолдастарыма, інілеріме ат алдырдым. Биыл 9 - мамырда елдің алдында көкпардан алғаш рет өнер көрсеттік.
- Топты құру, оны жаттықтыру жұмыстары оңай соқпаған болар.
- Әрине, оңай емес. Кез-келген атты көкпарға әкеліп қоса алмайсыз. Ат әлді, икемді, күйлі болу керек. Оны көкпарға, яғни қазандыққа, серке алуға, қайтарымды болуға бейімдеу қажет. Мен өзім жылқы танимын. Көкпарға керек аттарды өзім қарап алдырдым. Оның бағасы да қымбаттау болып келеді. Сондай-ақ жігіттерді де дайындадым.
- Еңбектеріңіз нәтижесіз емес екенін де естіп жатырмыз. Соған кеңірек тоқталып, алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз.
- Топта 9 жігіт бар. Негізгі ереже бойынша көкпарда 12 адам болу керек. Оны жақын арада толықтырамыз.
Нәтижеге келсек, 9 мамырдан кейін, арнайы сүндет той өткізіп, көкпар тарттық. Аудандық спартакиада да өнер көрсеттік. Облыстық спартакиада да аудан намысын қорғап, бірінші орынды иелендік. Енді алдағы қыркүйек айының 15-ші жұлдызында, жылдағы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Республикалық ат спорты сайысында бақ сынамақпыз.
Жоспарлар көп. Басты мақсат – топты ұлғайтып, әбден шыңдап, Таран ауданы атынан Республикалық, Халықаралық көкпарлар сайысында сынға түсу.
- Алыс жерге ат жеткізуге көлік, жігіттерге ас-ауқат, жатар орын керек. Негізгі демеушілеріңіз кімдер?
- Жергілікті жерде, аудан аумағында көкпар өткізгенде әкімшілік тарапынан қолдау, демеу болды. Оған ризамыз. Ал, шалғай жерлерге әзірге өз күшімізбен барып жүрміз. Жергілікті билік алда бұл жағынан қолдау көрсетеді деп сенеміз. Сонымен қатар, спорт саласынан бір әдіскерлік бір штат берілсе деген өтінішіміз бар. Осы істің басы-қасында жүрген өзім. Менің де 4 балам бар. Әкімшілік осы жағынан жәрдемдессе, өте дұрыс болар еді.
- Әңгімеңізге рахмет! Ұлттық ат спортын жандандыру жолындағы еңбегіңіз жемісті, табысты болсын! Ойлаған мақсаттарыңыз орындалсын деп тілейміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика