Жеріңнің аты – бабаңның хаты

c_410_290_16777215_00_images_2016_36_36-2016-11.jpgӘр жердің қырына, тауы мен тасына, сай-саласына, өзені мен көліне, құзы мен жартасына, ойпаңы мен шоқысына лайықты атаулар бере білу халықты қашан да толғандырған. Еліміздің жер-су, елді мекен атауларына тарихи тұрғыдан реттеу жұмыстары Тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынды.

Бүгінде еліміздің әр аймағында ономастика бөлімдері мен арнайы жұмыс топтары бар. Біздің ауданда да осы саладағы жұмыстарды жүргізіп, мемлекеттік тілдің дұрыс қолдануы мен дамуын қадағалап жүрген мамандар бар екенін тұрғындардың бірі білсе, бірі біле қоймайды. «Таран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жанна Жұмабайқызы осы реттегі ауданның жалпы жағдайы мен топтың атқарып жүрген жұмыстары жайлы баяндады. ҚР тілдер туралы заңының сақталуын , іс-қағаздардың жүргізілуі мен тіл мәселесіне қатысты іс-шаралардың өз деңгейінде өткізілуін қадағалау осы бөлімнің басты жұмысына жатады. Ономастика бөлімі тілдерді дамыту орталығының бір тармағы ретінде көрініс табады. Жалпы алғанда, ономастикаға – тарих, ел шежіресі, этнография, салт-дәстүр секілді құндылықтарды жатқызған абзал. Ономастика – саясат, ол ел тәуелсіздігіне, сол тәуелсіздікті баянды етуге, оны қорғауға қызмет етеді. Қазіргі кезде аудан тұрғындарының денін өзге ұлт өкілдері құрағандықтан,көше атауларын қазақшалау жұмысының жүргізілуі баяу көрініс табады. Тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жалқы есімдердің қоғамдағы маңыздылығы зор, сол себепті осындай шаралардың халықпен біріге шешілу керектігі абзал екендігін ескереді маман. Көше, мекеме атауларын өзгерту бойынша өтініштер көбіне аудан ақсақалдарынан келіп түседі. Әрине, бұл тез арада шешімін таба қоятын мәселе емес. Оған қоса, аудандықтарды атауларды өзгерту кезінде іс-құжаттарға қатысты туындайтын қиындықтар алаңдатады. Жабулы қазан сол жабулы күйінде қалуының басты себептерінің бірі де сол. Баяу түрде болса да, оң шешімін тауып жатқан істер де жоқ емес. Ономастикалық топ мүшелерінің Республикалық ономастикалық комиссиясына жолданған өтініші оң шешім тауып, биылғы жылы аудандық «Ұшқын» Мәдениет үйі жерлесіміз Елубай Өмірзақовтың есімімен аталуына Үкімет тарапынан қажетті құжаттардың мақұлданып келіп жетуін күтуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы нөмір бірінші қазақ орта мектебін Сапар Ерғалиевтің есімімен атауға өтініш жасалды. Аудан, облыс көлемінде оң шешім тапқан бұл сұрақ, Республикалық деңгейде шешім табу кезегін күтуде. Аудандағы көрініс тауып жүрген көшедегі көрнекілік құралдар да ономастикамен айналысатын жұмыс топ мүшелерінің назарында. Тұрғындар тарапынан келіп түскен осы реттегі сұрақтар бірден топ мүшелерінің бақылауына алынады. Ономастика халықтың жады екені белгілі. Сол себепті, атауларға қандай да бір өзгертулер енгізу кезінде, ол біздің тарихымызға тікелей қатысы бар екендігін ескерген жөн.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика