Қазақ тілін білгенім – мен үшін жетістік емес, өйткені оны білу әр қазақстандықтың парызы!

c_410_290_16777215_00_images_2016_38_38-2016-15.jpgТатьяна Стефанова (суретте) «Маяк» газет редакциясының қонағы болып, ұжымымызды «Тілдер күнімен» құттықтап қайтты.Жерлесіміз Б. Майлин орта мектебінің жетінші сынып оқушысы.Қазақ тілін жетік біледі бұл жасөспірім.


«Қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен оны үйренуге деген құлшынысымды оятқан отбасым болатын.Балабақшада қазақ тобына бардым, қазақ балаларымен көп араластым.Қазірдің өзінде құрбыларымның көбі қазақ қыздары», - дейді қонағымыз. Мемлекеттік тілді жетік біліп, еркін сөйлейтіндігімен Таня мақтаныш көрмейді, оның ойынша, бұл кез-келген қазақстандық азаматтың парызы.
Жерлесіміз тек тілді ғана үйреніп қоймай, халқымыздың салт-дәстүрлерінен де хабары бар. «Қазір адамдардың көбі тілді келешекте бәсекелестікке қабілеттті маман болу үшін, болашақтарының қамын ойлап үйренеді. Мені бұған баулыған ортам.Қазақ балаларының арасында өскендіктен бе, қазақилыққа жаным жақын,»-дейді жерлесіміз.
Татьяна-аудандық, облыстық «Тіл шамшырақтары» байқауының жүлдегері. Аталмыш байқау жыл сайын орысша білім беретін 5–7 сынып мектеп оқушылары арасында өткізіледі.Екі жыл қатарынан бұл байқау қатысушысы болған қызымыз 2–3 орын иегері болды, биылғы жылы бірінші орынды қанжығасына байлауға үміттеніп отыр
Бос уақытын жасөспірім би үйірмесінде өткізеді.Ол-Евгения Орлова жетекшілік еткен «Galaxy»тобының тәлімгері. «Уақыт табылып жатса, көркемфильм көргенді ұнатамын (әрине, қазақ тілінде).Отандық орындаушылар мен әртістердің өнерлерін бақылаймын, Қазақ тілін білгенім — ​мен үшін мақтаныш емес, өйткені оны білу әр қазақстандықтың парызы! Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің ғой. Біліммен көкжиегің кеңейе түсіп, әлемді тани түсетінің сөзсіз. Өзге тілдерді білетін, мәдениетті, білімді тұлға әлемнің барша игілігін игеріп, жоғары жетістіктерге жетеді. Бұның себебі — ​жан-жақты болуында, түрлі тәжірибе жинауында, салыстырып, қорытынды шығара алатындығында деп ойлаймын. Осының өзі адам баласы үшін үлкен сый, зор марапат емес пе?!»- дейді.
Әңгіме барысында қызымыз арман-мақсаттарымен де бөлісті. Алдағы уақытта Татьянаның жоспарында тестілеу тапсырып, Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсу.Бұл ретте де жерлесіміздің мемлекеттік тілді білуі септігін тигізетіні сөзсіз.

P.S Тілді меңгеру ешкімнің оны күштеп таңуы немесе түрлі жолдармен ынталандыруы арқылы емес, адамның жеке ықтияры, өз ынта-ықыласымен жүргені абзал. Оның үстіне, бұл әрбір адамның өз қарым-қабілет, икеміне де қатысты мәселе. Өзге ұлт өкілі бола тұра тілімізге деген құрмет танытып жүрген адамдардың бары ертеңгі күнге деген сенімімізді арттыратыны сөзсіз .


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика