Үйретуден жалықпаған...

c_410_290_16777215_00_images_2016_38_38-2016-2.jpgАйгүл Астанқызы қазақи рухты бойына сіңіріп өскен әзербайжан қызы.Ұстаз Б. Майлин атындағы орта мектепте осымен он сегіз жыл қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сабақ береді. Шәкірт тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға сая бола білген бұл ұстаз оқушылары үшін нағыз үлгі болар тұлға.


«Әкем әзербайжан, анам қазақ, көпбалалы отбасында, кішкентайымнан қазақи тәрбие көріп өстім. Оқуымды аяқтаған соң, қазақ отбасына келін болдым. Салт-дәстүр арқылы тілді тереңінен үйретіп, қазақ келініне тән қасиеттерді бойыма сіңдірген енем болатын.Қазір де ол кісі жанымызда,»- дейді Айгүл апай.
Жақында ғана ұстаз «Кембридж әдістемесі» бойынша мұғалімдерді даярлайтын арнайы курстан өтіп келді.Жеті модуль бойынша жұмыс жасайтын бұл бағдарлама оқушыларды оқыту барысында, олардың бірігіп топта жұмыс жасауларына басымдылық жасауына бағытталған.Ойын, сайыс ретінде өткізілетін сабақтар балалардың ынтасын оятқандығы сөзсіз.
«Қазақ тілі өте күрделі.Оны оқу барысында ұғыну үшін түп-тереңнен бастаған қажет. Бұл, әсіресе, көркем шығармалар мен әдебиетке қатысты.Сондықтан, сабақта өткен қандай да болсын шығарманың мағынасын түсіну үшін, көбіне балалармен сабақтан тыс уақытта қалып талдаймыз.Көрініс ұйымдастырып, не өткен туынды желісімен түсірілген көркемфильмдерді тамашалаймыз,»- дейді Айгүл Төлеубаева.
Шәкірті топтан озса, ұстазының төбесі көкке жетері анық.Бүгінде, мектеп оқушыларының арасында Айгүл апайдың жетекшілігімен жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, ауданымыздың намысын қорғап жүрген оқушылар бар.Олардың қатарында: жылсайынғы пәндік олимпиада жеңімпаздары, ғылыми жоба авторлары Васма Мамедова, Татьяна Стефанова, Томирис Бекмурзиналар.
Осыдан бір жыл бұрын мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын өзге ұлт қызметкерлері үшін «Тілашар» үйірмесі жұмыс жасайтын, қазір қазақ тілі мұғалімдері бұл істі қайта қолға алып, жұмысты жаңартуда. Жазғы уақытта оқушылар үшін «Тіл мектебі» жұмыс жасайды.
«Менің ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеуім — ​әкемнің арманы болатын. Сол арманды орындағанымша мен де асық болдым,»- деп еске алады Айгүл апай.
Бүгінде ибалы келін, аяулы жар, абзал ана болып отырған апамыздың әлі де армандары көп-ақ. Солардың ішіндегі бастысы-өнегелі ұрпақтың өсуіне қолынан келгенінше септігін тигізу.Білгенінің барлығын артынан ерген жастарға үйретіп, білмегенін солармен бірге үйрену.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика