Өзіңізді және отбасыңызды тұмаудан қорғаңыз!

c_410_290_16777215_00_images_2016_41_41-2016-18.jpgКүз және қыс айларында, әдеттегідей, грипптік жұқпалы дерт бой көтереді. Жыл сайын тұмау (грипп) мерзімі кезінде 800 мыңнан 1 млн-ға дейін адамдар ауруға шалдығады. Бұл ауа тамшылы жолмен берілетін жедел жұқпалы дерттің қауіптілігі - оның асқынуларында. Балалар үшін грипп ерекше қауіпті. Өзіңізді және отбасыңызды тұмаудан қалай қорғауға болады? Оны ауданымыздың орталық емханасының бас медбикесінен сұрап білген едік.


- Гүлмира Серікбайқызы, қарапайым адам өзінің тұмауға шалдыққандығын қандай белгілерден байқай алады? Қай кезде дәрігер көмегіне жүгінгені жөн?
- Тұмау – адамдарға жасына немесе жынысына қарамастан әсері зор, ауыр вирустық инфекция. Егер адам өз бойынан дене қызуының 39,0 гр-қа дейін, тіпті одан да жоғары болып көтерілуін, тез шаршағыштық пен әлсіздік сезімін, қатты бас ауруы, көзден жас ағу, бұлшықеттердің қатты сырқырап ауруын байқаған болса, міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгінгені жөн. Өйткені, аталған белгілердің барлығы грипп ауруының белгілеріне жатады.
- Көп жағдайда адамдар арасында «Күз-қыс мезгілдерінде кез – келген адамға тұмаурату тән,онсыз болмайды» деген пікірлерді естіп жататынымыз өтірік емес. Осы пікір қаншалықты шындыққа жанасады? Тұмауға шалдықпау мүмкін бе? Ол үшін қандай шаралар қолданған жөн?
- Адамдардың организмдері әртүрлі, сондықтан, олардың ауруға шалдығу не сау жүрулері өздеріне байланысты. Тұмаудан сақтанудың қарапайым тәсілдері бар. Мысалы: мұрынның сілемейлі қабатын, әсіресе, үйден шығар кезде оксалин майымен майлау керек, отбасында, жұмыста ауру адам бар болған кезде міндетті түрде арнайы маска киген абзал, жеке тазалықты сақтау, қолды жиі жуу керек. Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп, үй- жайды желдетіп отырған дұрыс. Сонымен қатар, эпидемиялық маусым басталғанға дейін алдын алу мақсатында гриппке қарсы иммундау жүзеге асырылады. Вакциналау халықтың ауруға неғұрлым бейім топтарын: жиі ауыратын балаларды, созылмалы аурулары бар балаларды, медициналық қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және өздері ерік білдірген тұрғындарға тегін жасалады.
- Көп жағдайларда адамдар аурудың белгілерін байқаған сәтте, емдік шараларды өздері бастайды. Бұл дұрыс па? Тұмауды асқындырып алған жағдайда адам өміріне қауіп туғызатындай жағдайлар бар ма?
- Медициналық көмекке жүгінбей, өз бетімен емделу – бұл ең үлкен қателік. Дәрігер ұсыныстарын сақтамау ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескерген жөн. Науқастың қарапайым тұмаудың алдын алу шарасын дер кезінде бастамауы - оның бронхит, пневмония секілді қауіпті ауруларға шалдықтыруы мүмкін.
- Тұрғындардың арасында тұмаудын алдын-алу шаралары жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіле ме? Жоғарыда айтып өткен екпені қай кезде қабылдаған жөн?
Әрине, мектеп оқушыларына, мекемелерге барып арнайы лекциялар өткіземіз. Денсаулықты қадағалаудың қарапайым тәсілдері жайлы айтып түсіндіруге тырысамыз. Екпе тұмауға қарсы ең нәтижелі әдіс. Егер уақытылы екпе жасалса, онда тұмауды жұқтырған жағдайдың өзінде асқынудың алдын алуға болады. Маусымдық тұмау эпидемиясы басталмай тұрып екі апта бұрын екпе қабылдаған дұрыс. Әдетте тұмаудың түрлері қаңтар айының орта тұсы мен ақпан айының басында өршиді. Ниет еткендер өздерінің учаскелік бөлімшелеріне барып, дәрігерімен кеңесе отырып, вакцинаны қабылдауына болады. Себебі, вакцинаның қарсы көрсетілімдері бар, мысалы, аллергиясы, температурасы бар адам ауруынан жазылғанша вакцина қабылдай алмайды.
- Гүлмира Серікбайқызы, пайдалы әңгімеңіз бен кеңестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика