Поэзия менің жүрегімде

c_410_290_16777215_00_images_2016_41_41-2016-6.jpgШаңырағың туған ел, шайқалмасын,
Қос пырақтың қанаты еш талмасын.
Қыран құсым биікте ол самғасын,
Әнұраным әуелеп, шарықтасын
Ел әрқашан тәуелсіз еліміздің,
Егеменін ерекше тойлап жатсын!...

Бұл Ақбөпе Бекетқызының туған жеріне деген ыстық сезім тебіренесінен туған өлең шумақтары...
Ақбөпе Сатубалдина – Амангелді ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. «Жас буын орта мектебінің» түлегі. 1996 жылы мектептегі оқуын тәмамдаған соң, арман қуып Арқалық қаласына келеді. Ол жерде, педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түседі. 2000 жылы аталған оқу орнын қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап шығады. Таран ауданының аумағындағы Е.Омаров атындағы мектепте қызмет атқарады.
Поэзия – адам жанын тебіренткен өктем рухтың бейнесі. Ақын апамыздың өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні...

Ей, заман.
Мені, сірә, қыспаққа ала берме,
Болмашы кейбір жандай сен өр кеуде.
Қанаттанып, арманға талпынамын,
Ей, заманым, кедергі бола көрме!
Көңіліме су сеуіп жабықтырма.
Мына өмірден мені тек жалықтырма.
Көкейіме бәрін де тоқып алып,
Көтерілгім келеді алып-шыңға.

Бұл, сол кездегі болашағынан зор үміт күткен,17 жасар Ақбөпе қыздың жалындаған жас жүрегінен шыққан шумақтар.
Асыл ой, жауһар сезімге суарылған кейіпкеріміздің жырлары оқырмандары үшін рухани азық тәрізді. Ақын апамыз еліне деген сүйіспеншілігін бар болмысымен төгіле жырлайды. Қай тақырыпқа қалам тартса да жанданып, түрленіп, құлпырып шыға келеді.

Қазақстан – кең далам, бейбіт әнін шырқаған,
Тәуелсіздік жолында не көрмеді бұл далам?!
Бүгін, міне, егемен ел атанып тәуелсіз,
Бөркін ата аспанға, шаттана бір қуанған.

Бұл өлеңдерінде кейіпкеріміз туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысын көреміз. Қиялы шарқ ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген Ақбөпе апамыздың өлеңдерінен туған өлкеге деген ыстық сезімді байқамау мүмкін емес. Ол Отанға деген ізгі махаббат сезімі – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын құбылыс деп біледі.

Қазақ елі, жасай берші, жасай бер,
Өз еліңнің Президентін сайлай бер.
Алла жар боп, әр уақытта елімнің,
Егеменін мәз-майрам боп тойлай бер!
Қазақстан, мақтан етем мен сені,
Ел болайық – тұғыры биік еңселі.
Қазақстан биіктерден көрінсін,
Жарқын болсын болашағы, ертеңі!

Ақбөпе Бекетқызы бүгінде Лисаков қаласының № 3 орта мектебінде қызмет атқарады. Екі қызы үшін мейірімді ана, жолдасы Әлімжан ағамыз үшін аяулы жар, шәкірттері үшін ардақты ұстаз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика