Тәуелсіздіктің құрдасы – Зарина Ибраева!

c_410_290_16777215_00_images_2016_43_43-2016-1.JPGОсыдан 25 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін жариялаған уақытта дүние есігін жаңа ашқан бүлдіршін — ​бүгінде болашақтың кілтін қолына ұстаған Егемен елдің еркін азаматы, Тәуелсіздіктің құрдасы.Таныс болыңыздар, алаш елі азаттық алған жылы дүниеге келген — ​Зарина Ибраева!

Тәуелсіз елдің топырағында дүниеге келген өрендер Егемен елмен бірге есейіп, бой түзеді. Күннен- күнге қарыштап, алға басқан жас мемлекетпен жарыса өскен жас ұрпақ «еркін еліме, тәуелсіз жұртыма менің тиер пайдам қандай» деген сауал қойып, бағындырар биіктеріне ұмтылуда.Сол жастардың бірі ретінде жерлесіміз Зарина Ибраеваны айта аламыз.Зарина — ​Таран ауданының тумасы. Б. Майлин атындағы орта мектептің түлегі.Мектепті аяқтап, Рудный қаласында мұғалім мамандығы бойынша колледжге түседі, оны аяқтаған соң, оқуын жетілдіру мақсатында Қостанай қаласының Әлеуметтік Техникалық Университетінің студенті атанады. Университеттегі оқуын аяқтаған Жас маман, бірден туған жеріне қайтып, еңбек етемін деп шешті. Бүгінде, Зарина Набережный орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының мұғалімі.Оқушыларына сая болып жүрген жас ұстаздың армандары көп-ақ, мақсаты біреу — ​келешекте еліміздің бетке ұстар азаматтарының тәрбиеленіп шығуына өз үлесін қосу.
«Тәуелсіздіктің таңында дүниеге келген перзент ретінде мен бейбітшіліктің маңызын жете түсінуге тырысамын. Өз мойныма артылған жауапкершілікті жақсы түсінемін.Тәуелсіздікті бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен. Сол жолда қаншама алаш азаматы басын бәйгеге тіккенін де білемін. Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ. Біз Тәуелсіздік құрдастары ел ертеңі үшін Қазақстан егемендігінің тұғыры берік болуы жолында еңбек етуге дайын маман болуға талпынуымыз керек. Бұл бүгін әр жастың көкейінде жүрген арман болғаны абзал,»- дейді Зарина.
Егемен елімізде болашақтың кілтін қолына ұстап, елдің ертеңін бүгін ойлаған ойлы ұрпақтың тәрбиеленуі көңіл қуантады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика