Балаларымды ержеткізуге қолдаушы болған Елбасы саясатына ризамын! – Абиловтар отбасы

c_410_290_16777215_00_images_2016_48_-.jpg«Әйелдің бақыты - отбасы» - деп бастады әңгімесін көпбалалы ана - Берен Абилова. Бүгінде бес баласын аяққа тұрғызып,немере қызығына бөленіп отырған абзал ананың айтуынша, балаларын ержеткізу жолында Елбасының бекем саясатының, өзі секілді көпбалалы аналарды қолдауы мен қамқорлығының тигізген үлесі зор.Тұңғыш Президент Күні қарсаңында Берен Абилова, шағын мемлекет деп аталатын отбасы жайлы айтып, Елбасына ризашылығын білдірді.


Тәйірі, әйелді жар әрі ана болатындай табиғатпен жаратқаны қандай жақсы. Бізбен әңгімелесіп отырған кешегі бойжеткен, бүгінгі отана Берен апамыз бойына мейірім сезімдерін ұялатты. Кейіпкеріміз балаларын аяққа тұрғызу кезінде бірталай қиындықты басынан өткізді, бірақ, ол қиын – қыстау кездерді еске алуды жөн көрмейді. Жан жолдасы Абраш үшін адал жар, ұл-қыздарына-аяулы ана, немерелеріне - мейірімді әже атанып отырғанына еріксіз бас иесің. Сөйтесің де, бүгінгінің нағыз анасы қайсы дегенде мақтанышпен атайсың. Бастысы, балаларының бәріне асау уақытпен арпалысып жүріп, жақсы тәрбие бергеніне қуанасың, сүйсінесің. Қалайша мадақтамайсың, қалайша мақтамайсың, қалайша құрметтемейсің! Берен апамыз «Бала тәрбиесі далада немесе балабақшада қалыптаспайды, үйдің айналасында атқарылады. Бұл маңызды қызметке ана жауапты. Ерінің маңдайының ашық жүруі, балаларының мұнтаздай таза болуы да әйелге тікелей байланысты...», деген салиқалы ойын жеткізді.
Бүгінде апамыз азамат болған ұл - қыздарының қызықтарына бөленуде. Тұңғышы Әсел аудандық орталық емхананың психолог дәрігері. Одан кейінгі баласы - Марат. 1989 жылы дүниеге келген баласы Асылжан Абилов, қазір Рудный қаласының «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірісі қоғамының» қызметкері. Қызы Жанар Таран ауданының АҚ «Қазпошта» мекемесінде қызмет етіп келеді. Үйдің кенжесі Қайыржан есімді ұл бала. Бүгінде 24 жасар жігіт Лисаков қаласының төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс жасайды. Балаларының бойына кішкентай кездерінен нағыз тұлғаға сай адамгершілік қасиеттерді ұялата білген ана, бүгінде баулыған тәрбиесінің жемісін көруде.
Мен өзім де көпбалалы отбасында тәрбиелендім. Жанұямызда жеті баламыз. Асқар тауым әкем - Темірбек пен аяулы анамыз - Күлзада берген тәрбие мен өнегені өз балаларыма дарытуға тырыстым. Балаларымның барлығы жоғары білім алған, көздері ашық, көкіректері ояу азаматқа айналды. Әрине, оңай болған жоқ. Дегенмен, мемлекет тарапынан қолдау жақсы болды. Бүгінгі шалқып - тасып жүрген күніміздің бірден - бір себебі – Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасы деп білемін. Көпбалалы ана ретінде, Тұңғыш Президент күні қарсаңында,бейбіт күніміз үшін Көшбасшымызға рақметімді айтқым келеді, - деп аяқтады сөзін кейіпкеріміз Берен Абилова.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика