Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

c_410_290_16777215_00_images_2016_49_49-2016-7.jpgҚанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар көп. Ұмытылмайтыны оның тағдырмен байланыстығында. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде ауыл, үйдің әңгімесі емес, алып құрылықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғаның бірі. Міне, сол оқиғаға биыл 25 жыл толуда.

1986 жылдың 16 желтоқсаны.Сол кезде мен Алматы қаласындағы Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының бірінші курс студенті болғанмын. Жатақхананың бір бөлмесінде әр облыстан төрт қыз жатамыз. Сол күні сабаққа бармадық,өйткені донорлық қан тапсырып,бөлмеде демалып жатқанбыз. Бір мезгілде даладан: «Қазақ,жасасын!», «Қазақ, тағайындалсын!» деген дауыстар естілді. Жүгіріп балконга шықтық.Шықсақ, ұзын болып созылған жас қыздар мен жігіттер қолдарында ұрандары бар бізді өздерінің қатарына шақырды. Біз апыл-ғұпыл киініп, солардың қатарына қосылдық. Жолай бірнеше жоғарғы оқу орындарына соғып, ондағы жастарды қатарға қосып алып,жаяу Брежнев алаңына жеттік. Не үшін бара жатқанымызды өзімізде білмейміз.
Алаңға келсек, толған жастар арасында үлкен кісілер де бар.Трибунада көптеген адамдар тұр. Олар: «Жастар, қателік жасамаңдар. Сендер ештеңе түсінбей келіп тұрсыңдар. Үйлеріңе тарқаңдар», - деп басулар айтып жатты. Сол сөйлеген кісілердің ішінен біз Олжас Сүлейменов,Мұхтар Шахановты таныдық. Танитын себебіміз сол кісілердің кездесу кешінде болғанбыз. Сөйтіп тұрғанда, әскери киім киген үлкен кісі қасымызға келіп: «Қыздарым, тез үйлеріңе барыңдар,бір пәлеге ұшырамаңдар. Ақылдарың боса, мені тыңдаңдар», - деді де, өзі ақырын басып келесі топқа қарай бет бұрды. Біз сол алаңда кешкі сағат сегізге дейін болып,жақақханаға қайттық. Жатақханаға келсек, біздің кураторымыз, сабақ беретін мұғалімдеріміз бізді күтіп отыр екен. Олар бізден ешқайда шықпауды талап етті.Күні-түні кезекпен жатақханада отырды.Бірінші курс болғандықтан болар, бізді қатаң қадағалады. Қатты шиеленіс сол күні кешкі сағат тоғызда басталды. Желтоқсанның 17-18 сабаққа барған жоқпыз. Өйткені шиеленіс қатты күшейді. Бірақ мұғалімдерден қашып, алаңға барған қыздар болды. 1 - 2 курстың қыздары болған оқиғаны бізге айтып берді.
Сол аязды күні қызғалдақтай құлпырған өрімдей жас құрбы қыздарымызды шаштарынан жұлып, аяқ астына таптап,тепкілеп, ұрып-соғып Алматы - Қапшағай автомобиль жолдары шетіне апарып, үстеріне мұздай су құйып, қатырғандарын естігенде, төбе шашың тік тұрып,құйқа тамырың шымырлап қоя береді. Бұл оқиғаны ұмыту мүмкін емес, өйткені мен өз көзіммен көрдім. Көз алдымда сағым болып елестейді. Желтоқсан оқиғасында құрбан болған өрімдей жастарымыздың арқасында елімізде тәуелсіздік орнады. Олар қазақтың «ес жиып, етек жауып», өз алдына ел, мемлекет болғанын,өзге елдермен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көре алмай кетті. Бірақ осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті. Олар... қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың балалары ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз-түні тілеп кетті. Қазір, міне, құдайға шүкір, еліміз аман, жұртымыз тыныш.Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып,қазақ елі мәңгі ел, бейбіт ел болып шарықтай беруіне тілектеспін!

Қожамбетова Ғ. Ж.
сүхбаттасқан кітапханашы Мирошниченко Ж. С .


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика