Имамы толық елдің ынтымағы бүтін

c_410_290_16777215_00_images_2016_49_49-2016-17.jpgБұл күні Қазақстанда мұсылман қазақ деген сөз – кірліккен жаңа тіркес ғана емес, тұтас ұлтымыздың мақтанышына айналған халықтық ұстаным болып қалыптасты. Тарихқа көз жүгіртсек, алаш болып қалыптасқалы ұлтымыздың тарихи қалыптасуында - ел бастаған көсемдер де, сөз бастаған шешендер де алдымен әлемнің нағыз жаратушы иесі Алладан жәрдем тілеп,мадақтаған.

“Кез келген әлем халқы үшін Тәуелсіздік ең басты құндылық. Міне, осындай көптеген халыққа бұйырмаған баға жетпес байлық қазақ елінің бағына жазылыпты. Биыл тәуелсіздікке 25 жыл толып, қазақ елінің іргесі осы жылдар ішінде беки түсті. Қазақстан ширек ғасырда шекарасын нықтап, әлем елдерімен байланысын күшейтті. Ішкі тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамның барлық салаларының дамуына жол ашылды. Соның ішінде рухани салада ілгеріледі. Халық кеңес өкіметі кезінде ұмытып бара жатқан руханиятымен қайта қауышқанына шексіз шүкіршілік етеміз,”- деп бастады сөзін «Әйет» мешітінің Имамы Ислам Хамзин.
- Дінге руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алған жөн. Діннің рухани әлеуетін мәңгілік идеяларға, зайырлылық идеяларына пайдалануға болады. Сол арқылы мызғымас құндылықтар қалыптастыра аламыз. Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпаған жөн. Ал, дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдардағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші фактор­лардың бірі. Бұл факторға Қазақ­стан қоғамы ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық, соның ішінде, әсіресе, тарихи тағдыры өзіміз­бен ортақ ТМД елдері баса назар аударуда. Халқының рухы жоғары ел – қай уақытта болмасын мемлекетті дамытуға үлкен қауқары бар. «Жоғары руханият» ұғымының да дін саласына қатысты тұстары бар.Ата дініміз – исламдағы адамгершілік, сыйластық, өзара құрмет, келісім, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, көптеген құндылықтар мен қасиеттер ұлтымыздың болмысында бұрыннан бар мінездермен астасып, рухани құндылықтардың қайталанбас кешенін құраған болатын. Яғни, дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға негіз болып қаланды. Аталған рухани құндылықтарды тарихи дәуірлерде халқымыздың бойындағы шығар­машылық қабі­лет, өнерпаздық, ізден­­гіштік қа­сиеттер толықтырды. Ұлты­мыздың ұлы тұлғалары дүние­жүзілік ғылымға өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе, соңғы жүзжыл­дықтар қазақ ғылымы мен мәде­ниетін қарыштап дамытты. Ал тәуел­сіздіктен кейінгі кезең өрке­­ниетті дамуға даңғыл жол ашты. Бұл жетіс­тіктер ұлт дүниета­нымында орныққан рухани құн­дылықтар кешенімен сабақтасып, бүгінгі біздің жоғары руханиятымызды құрады. Қоғам құндылықтарды өзі сұрыптайды. Оның екі үдеріске бірдей сұранысы бар. Зайырлылық – біздің еліміздің жағдайында бірден-бір ыңғайлы, әмбебап әрі тарихи тұрғыдан қалыптасқан мемлекет сипаты болып табылады. Оның насихатталуы мен нығаюы қоғам тұрақтылығына сөзсіз игі әсер етеді. Ұлтты қалыптастырған құндылықтарды қорғау елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табылады. Жалпы, «зайырылылық» қағидатына сүйене отырып, кез келген адам өзінің ата дінін дамытуға мүмкіндігі бар. Сонықтан, Қазақстандағы зайырлылық – демократиялық болашаққа алып баратын төте жол екенін әрбіріміз жіті түсінуіміз керек!
Еліңе жаның ашыса, мемлекетіңнің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпау керектігін Елбасы айтты.Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, кең өлкені шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен ардақ тұтар лебізі. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Тәуелсіз Қазақстан!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика