Атқарылған жұмыстар ауқымды

c_410_290_16777215_00_images_2016_52_52.7.jpgОсы жылда прокуратура қызметкерлерімен, аудан жағдайын жақсарту мақсатында, елеулі жұмыс атқарылды.


Айтып кететін болсақ, әлеуметтік-экономикалық саласы бойынша 17 тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 123 тұлға жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде – 68 тәртіптік, 54 әкімшілік және біреуі қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, мемлекеттің қорына 6 жер учаскесі, 6 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Одан әрі, 168 жұмысшының конституциялық құқықтары қорғалып, оларға төленбеген 6 миллион теңгесі, прокурорлық ықпал ету актісі бойынша өндірілді.
Прокуратура қызметкерлері, ағымдағы жылда 55 азаматтық істер, 400 жуық әкімшілік істер және 140 жуық қылмыстық істерге қатысты.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен Бас прокуратураның «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы іске асырылуда. Осы жобаны іске асыру шеңберінде қаскөй борышкерлердің алимент төлеу туралы сот шешімін орындаудан бас тартқандары анықталды. Мысалы, азамат Е. 2014 жылдан бастап кәмелет жасқа толмаған қызын асырауға алимент төлемеген, нәтижесінде а.ж. 1 желтоқсанына жалпы қарызы 1,5 миллион теңгені құрады. Соның нәтижесінде 2016 жылдың 5 желтоқсанында Таран ауданының прокуратурасымен Е. қатынасында ҚР Қылмыстық Кодексінің 139 бабы, балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жоғарыда көрсетілген фактілер, аудан прокуратурасының толық жұмысын көрсетпейді. Тек қана, айқын фактілер ғана көрсетілген.
Сонымен қоса, аудан тұрғындарын келе жатқан жаңа жыл мейрамымен және де Рождество мерекесімен құттықтаймын! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін. Ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика