Мәуліт – мейірім мерекесі

c_410_290_16777215_00_images_2017_2_2-2017-2.jpgМәуліт мерекесінде бүлдіршіннен бастап, жастар мен егде тартқан азаматтар, кәрі құлақ қариялар бір жерде бас қосып, әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп, көңілдері тұтасып, бір-бірімен тонның ішкі бауындай біте қайнасады. Мұсылман жұрағаты үшін қасиетті саналатын бұл ай ерекшелігі жайлы «Әйет» мешітінің имамы Ислам Хамзинмен тілдестік.


Міне, дүние шарапатына бөлеген, он сегіз мың ғалам құрметіне жаратылған, сүйікті де, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айына да келіп жеттік. Қасиетті мәуліт айы баршамызға мүбәрак болсын. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 571жылы Рабиуль әууәл айының 12 ші жұлдызында дүйсенбі күні дүние есігін ашты. Бұл күн Алланың біздерге мейрімін төккен күні болды. Себебі қаранғылықтан жарыққа шығарып, Мұсылмандар үшін Алладан келген үлкен ұмытылмас сыйы болды. Мұхаммед (с.ғ.с) әкесінен анасының құрсағында жатқанда айырлып, ал, алты жасқа келгенде, Әмина анамыз дүние салды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жетімдіктің қасіретін ерте басынан өткізген. Бала Мұхаммедтің (с.ғ.с) ендігі тәрбиесі атасы Абдумұталіптің қолына өтті. Әке- шешесінің мейрімін сезіне алмаған Мұхаммед (с.ғ.с) атасына еркелеп, қызықты шақтарын өткізді. Бірақ бұл қызықты шақтары көпке ұзамай, екі жылдан соң, 8 жасқа толғанда атасы Абдумұталіп қатты науқастанып қайтар алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етіп кеткен. Қамқор немере ағасының үйіне қолғабысын тигізіп, қойларын бағып, ерте ер жетіп, 13 жасына келгенде немере ағасымен саудаға араласып, әділдігімен таныла бастады. Саудамен араласып жүріп, Хадиша анамызбен жақын танысып, 25 жасында Хадиша анамызға құда түсіп, отау құрған. Өмірдің қуанышы мен қасіретін бірге көріп, бір – біріне сүйеніш бола білді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) отбасылық өмірі мұсылман үмметіне үлгі боларлықтай еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметіне өсиет ретінде бір хадисінде келтірілген « Үйленіңдер, көбейіңдер, қияметте сендердің көп болуларыңмен мақтанам» деген. Алла Елшісі өз сөзін іс жүзінде көрсетті. Хадиша анамыз алты құрсақ көтеріп, 2 ұл 4 қызды дүниеге әкелді. Олар: Қасым, Зейнеп, Руқая, Үммігулсім, Фатима және Абдулла деген алты перзенті болды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдерінің бірі Мария анамыз Ибраһим деген ұлын дүниеге әкелді.. Фатима анамыздан басқа балаларының барлығы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көзі тірісінде бақилық болды. Балаларынан ерте айырылуы Алла Елшісіне ( с.ғ.с) үлкен соққы болып тиді. Әрине, әке - шешеге көзі тірісінде балаларынан айырылу үлкен қасірет. Алла Елшісі (с.ғ.с) бұл қасіретті Алладан келген сынақ деп біліп, сабыр ете білді.Алла Тағала Құранда былай дейді «Негізінде, ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде, қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар» (Шарх сүресі 5,6 аят). Өйткені, пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір қиыншылықтың артынан жақсылықтың келеріне сенді. Құраннан қуат алып, пайғамбар хадисін өміріне нәр еткен біздің ата – бабаларымыз ұрпағына «Сабыр түбі сары алтын» деп өшпестей даналық сөз қалдырған. Себебі, Алланың Елшісі (с.ғ.с) үмметіне сабырлыққа үндеп мына хадисте « мұсылманның табанына тікен кіргенде, Алланың разылығы үшін қаншалықты сабырлық танытса, оған соншалықты сауап (каффарат) жазылады,» - деген. Мұхаммедке ( с.ғ.с ) миләди жыл санауы бойынша 610 жылы Рамазан айында пайғамбарлық міндеті жүктелді. Ислам діні 23 жылда үмметіне толықтай жеткізілді . Алланың асыл діні Ислам әлемге тұрақтылық пен тыныштықты, әділдік пен ақиқатты, көп құдайлықтан бір құдайлыққа шақырып, Адам баласын екі дүниеде бақытты болуы үшін жіберілген иләһи жол. Рабиуль әууал айы Елімізге берекелі болып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманымыздан айырмасын.
Шарапатты мәуліт айы құтты болсын дейміз! Осынау айтулы мейрамның аясында Алла елшісін жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың арта түсуіне бір сеп болғай.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика