«Мен үшін бастысы – алдыма келген науқасты сол қалпында қабылдау, түсіну,» – Әсел Абилова

c_410_290_16777215_00_images_2017_3_3-2017-4.jpgБұл мамандық иелерін кейде «адам жанының емшілері» деп те атайды. Ержетіп, есім кірген кезден «тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен адамдарға қол ұшымды беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог болғым келді», — ​дейді кейіпкеріміз Әсел Абилова.


Бүгінде, ол арман орындалды. Қостанай Мемлекеттік Индустриалды колледжін тәмамдаған соң, сол кездегі жас маман туған өлкесіне келіп қызмет атқаруды жөн көрді. Әсел Абилова Таран ауданының орталық ауруханасының психолог маманы. «Батыс елдерінде психолог көмегіне жүгіну — ​бұрыннан қалыпты жайт болып саналса, біздің халық үшін, салыстырмалы түрде, өз еркімен маман көмегіне жүгіну жат үрдіс секілді.Көбіне адамдар жеке бастарындағы мәселелерді өздері шешуді жөн көреді, Қазір ауданымызда қызмет жасайтын әрбір мекемеде арнайы психолог маманы бар, дегенмен, медициналық тұрғыда кеңес алу мақсатында науқастар орталық ауруханаға жүгінуді жөн көреді. «Мен үшін бастысы — ​алдыма келген науқасты сол қалпында қабылдап, түсіну», — ​дейді Әсел.
Психолог маманы болып шығу адам жанын түсініп қана қоймай, оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізуді көздейді. Кейіпкеріміздің қызметіне мектеп оқушыларымен, мектептегі тәрбиелері «қиын» балалармен арнайы түзету әңгімелерін жүргізу және дамыту сабақтарын өткізу, әлеуметтік қолдауға зәру қарт адамдармен арнайы психологиялық тренингтер өткізу, белгілі топ өкілдерімен мамандандырылған әңгіме өткізу кіреді.
«Егде жастағы адамдар мен ересектерге қарағанда, балалармен жұмыс жасау қиын. Енді жетіліп келе жатқан адамның ішкі дүниесін түсіну үшін, оны жан-жақты зерттеген жөн. Бастысы, балаға сыйластықпен қарап, сырласу арқылы оның жағымды қылықтарын ашуға тырысу. Бұл ретте мәселені шешу барысында ата-ананың да қатысқаны өте маңызды», — дейді маман.
Кейіпкеріміз өзі де, Эльдар атты ұлды тәрбиелеп отырған жас ана.Бос уақытын ұлының тәрбиесімен айналысып, арнайы мамандандырылған курстарда қызметін шыңдауға арнайды. Кейіпкеріміз «күйбелең тіршілікте адамдар бір-біріне мейірімдірек болып, көбірек көңіл аударса екен,»- дейді.Әсіресе, балаларға үлкендердің махаббатын ұдайы сезіну өте маңызды екенін ерекше атап айтты.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика